
Қаржы министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Байгужина Айгүл Мырзатайқызы Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Айгүл Байгужина Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ «Көкше» академиясын бітірген.
Еңбек жолын Көкшетау облысының Мемлекеттік салық инспекциясы қаржы бөлімінің экономисі лауазымынан бастаған.
Айгүл Мырзатайқызы қаржы жүйесінде айтарлықтай кәсіби тәжірибесі бар. Ұзақ уақыт бойы (1998-2021 ж.ж.) ол қазынашылық органдарында жұмыс істеді, оның ішінде бұдан бұрын Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін де атқарды. Меритократия қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтің қарапайым қазынашылық маманынан бастап басшылық лауазымға дейін барлық кезеңдерінен өтіп, өзін жоғары білікті және жауапты мемлекеттік қызметші ретінде танытты.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры қызметін атқарған.