
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің ұжымы жаңа лауазымға ауысуына байланысты Комитет төрағасының орынбасары Байгенжина Әлия Құрманқызын шығарып салды.
Әлия Құрманқызы өзін жоғары білікті және жауапты маман ретінде көрсете отырып, мемлекеттік Қазынашылық Комитетінде 8 жыл қызмет атқарды. Жұмыс істеген жылдары ол қазынашылық жүйенің дамуына елеулі үлес қосты, Қазынашылықтың төлем операциялары, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелеріне жетекшілік етті.
Мемлекеттік қазынашылық Комитетінің төрағасы Рахат Келдібайұлы Тоқбаев Әлия Құрманқызына кәсібилігі, адал еңбегі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа лауазымға табыс, амандық және одан әрі кәсіби жетістіктер тіледі.
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің ұжымы жылы лебіздерге қосылып, Әлия Құрманқызына жаңа жеңістер мен барлық жоспарланған жоспарлардың орындалуын тілейді.