Екіжақты кездесуде тараптар қазынашылық қызметтің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Қазақстан тарапы республикалық бюджет түсімдері мен қаржыландырудың сводтық жоспарын қалыптастыру, оның теңгерімделуі, Бірыңғай қазынашылық шоттағы қаражат қалдықтарын басқару, сондай-ақ кассалық жоспарлау мен өтімділікті болжау тәсілдері бойынша материалдарды ұсынды. Бұған қоса, ҚАБШ-ның құрылымы мен ақша қозғалысын болжаудың қолданылып жүрген әдістемелері таныстырылды. Ресей делегациясы өтімділікті басқару, Бірыңғай қазынашылық шоттағы қаражаттарды консолидациялау, репо және депозиттік операцияларды жүргізу, сондай-ақ таргеттеу тәжірибесі жөніндегі тәжірибемен бөлісті.