Мемлекеттік қазынашылық комитетінде Ұлттық валюта – Теңге күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Мемлекеттік қазынашылық комитетінде Ұлттық валюта – Теңге күніне арналған салтанатты іс-шара өтті


Теңге – еліміздің тәуелсіздігінің нышаны, тұрақтылықтың тірегі және күн сайын мемлекеттік қаржы жүйесінің мүлтіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген мамандардың кәсіби еңбегінің айғағы.

Шара барысында Комитет төрағасы Рахат Тоқбаев қызметкерлерге ведомстволық наградалар табыстап, олардың еңбегінің маңыздылығын және казначейлік жүйенің дамуына қосқан үлесін атап өтті.

Мерекелік көңіл-күйді қызметкерлерге арналған концерттік бағдарлама жалғастырып, жылы да жігерлі атмосфера сыйлады.