Қаржы министрі Мәди Такиев өңірлік Қазынашылық департаменттерінің басшыларына мемлекеттік наградалар табыс етті

Қаржы министрі Мәди Такиев өңірлік Қазынашылық департаменттерінің басшыларына мемлекеттік наградалар табыс етті

Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 

Қаржы министрі министрлік ұжымын және ведомстволық бағынысты ұйымдарды осы айтулы мерекемен құттықтап, әрбір қызметкердің елдің қаржы жүйесін дамытуға қосқан маңызды үлесін атап өтті. Салтанатты рәсім барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді.

Марапатталғандардың арасында өңірлерден келген әріптестеріміз: облыс бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Абай Мұқтар Төлегенұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Нұржан Оразбеков, сондай — ақ Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Кенжетай Тайшыков бар. 

Қазынашылық Комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің ұжымы әріптестерін марапаттарымен құттықтайды!