
Құрметті отандастар, әріптестер, достар!
Сіздерді барша қазақстандықтар үшін аса қастерлі мереке – Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл біз үшін ерекше жыл – Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Бұл тарихи құжат тәуелсіздіктің бастауы болып, еліміздің дербес даму жолын айқындаған, ұлт бірлігі мен рухының биік символына айналды. Осы жылдар ішінде Қазақстан зор жетістіктерге жетті. Бұл табыстар әр азаматтың еңбегі мен жауапкершілігінің, елге деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Қаржы саласы мен қазынашылық қызметінің өкілдері де ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бюджеттік саясаттың ашықтығы мен тиімділігін арттыру арқылы өз үлестерін қосып келеді.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Еліміз әрдайым өркендеп, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Отанымызға деген сүйіспеншілік, бірлік пен еңбексүйгіштік – біздің басты құндылығымыз әрі болашағымыздың кепілі бола берсін!