Қазынашылық комитеті «Республика күніне – жүректен шыққан жыр!» челленджін бастайды!

Қазынашылық комитеті «Республика күніне – жүректен шыққан жыр!» челленджін бастайды!

Биыл – тарихи оқиғаға толы ерекше жыл.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясы қабылданғанына 35 жыл толып отыр.

Осы айтулы датаға орай, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті және оның аумақтық бөлімшелері «Республика күніне арналған авторлық өлеңдер» челленджін жариялайды.

Бұл бастама – елімізге, туған жерге, халқымызға деген сүйіспеншілікті жыр арқылы жеткізуге арналған.

Әр өлең – жүректен шыққан алғыс, отансүйгіштік пен мақтаныштың үні.

Қазынашылық органдары қызметкерлерінің өз қолымен жазылған авторлық өлеңдерін ұсынамыз:

Республикам менің

Терезем тең Шығыспен де Батыспен,

Жер жүзінде Қазақстан аты үстем.

Күн шығарып, Ай батырып жатамын,

Егеменді елім берген бақытпен.

 

Егеменмін,ел рухы-көк туым,

Әнұран боп көкті шарлап кетті үнім.

Елтаңбам да ерлігімнің мөріндей,

Ата заңым айғағындай тектінің.

 

Жатпайтұғын қылыш құсап қынында,

Жай отындай жарқылдаймын тұғырда.

Кешегі өткен бабалардың ұрпағы,

Әділетті Қазақстан құруда.

 

Ой-санамда жаңалықтың нұры бар,

Жас Отаным күннен күнге шынығар.

«Бір ұрты-май, бір ұрты-қан» халқым жоқ,

Барлық ұлттың бір-ақ қана үйі бар.

 

Ол үй-менің Республикам-байтағым,

Осы күнді қанша ғасыр аңсадым.

Әлі-ақ менің Қазақстан Отаным,

Табысына таң қалдырар жер шарын.

 

Төгіп-шашпай қазынасын халықтың,

Қазынашылық еңбегімді таныттым.

«Дос» дегенге айқара ашық құшағым,

«Қас» дегенге қарғып шығар Барыспын.

 

«Бейбітшілік»- сүйіп тосар ақ таңым,

Қай кезде де айдай жарық аспаным,

Көк жүзінде желбіретіп көк туын,

Жасай берсін Республикам-мақтаным!

Авторы: Мұқтар Төлегенұлы,

Абай облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы

 

*****

Тау тұлғалар шыққан ұлы елден,

Ар-намысты қашанда биік көрген.

Батырлықпен қорғаған елін, жерін,

Қасық қаны қалғанша қайсықпастан,

Жүрексінбей суық, қара көрден.

Қасіретті бастан кешкен қазағым,

Ақталады көрген сенің азабың.

Жадап, жүдеп өзі тұрса дағы

Жат, бөтенді бауырға басқан ғажабым.

Бабалардың қаны тамған байтақ далам,

Сені қорғау – дайымда парыз маған.

Өлкесі бай, табиғаты әсем, ғажап –

Сұлулығына бас иген барша ғалам.

Ән мен жыры шартарапта шалқыған,

Топырағынан жұмақ иісі аңқыған.

Қонақжай ғой, шіркін, менің қазағым

Ою-өрнек, құрақ-құрақ ілтипаты тасыған,

Алғыр, білімге құштар балалары жасынан.

Салт-дәстүрін сақтап келген қыздары,

Жаужүрек, темір үзер ұлдары.

Болашағы жарқын менің елімнің

Ата берсін сенімменен таңдары.

Ұстанымым – Хәкім Абай даналығы,

Елге қызмет, ниеттің адалдығы.

Озамыз әлі талай қауымнан,

Тең ұстасақ қайрат, жүрекпенен сананы.

Қазақ деген атқа лайық болайық,

Тілімізді құрметтейік, халайық!

Егемен ел, тәуелсізбіз бүгінде –

Осы бақты бағалайық, ағайын!

Өсиет боп қалған мұрам – Қазақстан,

Жүректен шыққан ұран – Қазақстан!

Рухы асқақ, биік маған қашанда

Мақтанышым, Республикам – Қазақстан!

   Авторы: Чулгауова  Айым  Құрманқызы, Абай облысы бойынша   қазынашылық департаменті Үржар аудандық қазынашылық басқармасының бас маман– бас қазынашысы

 

*****

Менің Республикам – менің мақтанышым!

Менің елім — көктегі еркін қыран,
Көк байрағым — таңбасы намысымның.
Азаттығым — бабамның асқақ арманы,
Мәңгі нұрлы — Тәуелсіз Ел іргем менің!

Киелі жер — тарихтың терең үні,
Желмен жеткен бабамның ерлік үні.
Сарыарқамның самалы тербеп өтсе,
Жүрегімде жаңғырар елдің сыры.

Менің елім — шуақты, пәк таңымсың,
Күнге теңеп, жырыма жаққан нұрсың.
Әрбір тасың — шежіре, шын тарихым,
Сен бар кезде, мен мәңгі шаттанам шын!

Тәуелсізбін — соны айтсам, қуат алам,
Сен деп соққан жүрегім — жұмақ, аман.
Республикам, өр рухым, менің гүлім,
Сен бар кезде биікпін, нұрлы заман!

Көк аспанда қыран боп қалықтаймын,
Бейбіт өмір — жырыма жарықтаймын.
Менің елім, менің ұлы мақтанышым,
Сен деп соғар жүректегі лүпіл үнім!

Авторы: Есенгельдиева А.Н. Ақмола облысы Зеренді аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы

 

*****

 

Пусть мирным будет каждый день

Пусть сердце гордость не угаснет

Республика наш общий дом

И флаг твой в небе не погаснет

Ты мой дом, мой свет, мой стан,

Мой великий Казахстан!

С днём Республики, страна –

Ты в сердца – навсегда!

Финансы – кровь страны родной,

Казначей в труде большой!

С Днём Республики, друзья,

Пусть цветёт земля твоя!

В счётах – порядок, в сердце – страна,

Казначей служит добру не спеша.

С Днём Республики, мир и успех –

Казахстан в процветании всех!

Автор: Бекмагамбетова Гульден Жадигеркызы, главный специалист-главный казначей отдела исполнения бюджетов Департамента казначейства по Акмолинской области

 

******

 

Қазақстан – менің байтақ мекенім!

Ұлылық күні 25-і қазанның,

Өзің жайлы таусылғанша жазармын,

Республика күні келіп мінекей,

Құттықтауға жүрегімнен сөз алдым.

 

Көк байрағым биік болсын тұғырың,

Ұзақ болып ұлылығың, ғұмырың.

Мемлекетіммен мақтанамын әрқашан

Себебі мен тек өзіңнің ұлыңмын.

 

Ұрпақ болса елін сүйрер жүгімен,

Сол ұрпақтың біле-білсең бірі мен.

Құттықтаймын туған елім мен сені,

Келіп жеткен Республика күнімен!

Авторы: Кулшаров Нурбек Калдыбекович Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Байғанин аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары

 

******

Елім менің!

Ерен елім – елдігіңнің айғағы

Мысы басым,әлемде зор айбары!

Республикам – Қазақ елі қайнары

Әрқашанда биік тұғыр байрағы!

 

Алаш білген Ақтөбенің аймағы

Тұлға – мекен,халқы да оның жайдары

Құтты болсын ұлт мейрамы ұлықты

Бұзылмасын татулықтың қаймағы!!!

 

Ән халықтап, көгінде күй ойнады,

Әділ шешім айтар шешен байламы...

Бұл Ақтөбе – Батыстың кең аймағы!

Құтты болсын Республика күні мейрамы!!!

Авторы: Ниязбаев Ерболат Жолбергенұлы, Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Хромтау аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы 

 

 

******

Под ветром родины

Здравствуй, мама. Обними родным солнцем своим.

Так люблю я твой ветер, щекочущий нос.

Я искал свое место и везде слыл чужим.

И скучал по пшенице твоих дивных кос.

 

Я скучал по озерам ласковых глаз,

По хребтам острых гор и смеху рек.

И пески вновь поют окончания фраз,

Обещая баюкать не один век.

 

Я тоску унимал, закрывая глаза.

Представлял себе снова степные просторы,

Как атласа небесного горит бирюза,

И язык родной как плетется узором.

 

Часто снилось: я в детстве в руках твоих.

Всюду гости, звенит дрожь домбры,

Угощений избыток самых любых,

«Камажай» как звучит и танец сестры.

 

Вспоминал добрый нрав дочерей твоих,

Восхищен крепким духом сынов.

Мам, мой шторм в груди давно поутих.

Там лишь поле тянь-шаньских цветов.

 

Терпеливо я жду свой закат под курганом,

Как шепнешь мне ветром стихи.

Так я рад наконец, что я дома, мама.

Что прощаешь мне все грехи.

Автор: Оразбекова Алтынай Талгатовна, Главный специалист Отдела технологического сопровождения казначейской системы Департамента казначейства по Алматинской области

 

*****

 

Республика күні

Бүгін міне күні болды қазақтың

Республика күні деген ғажап күн!

Ата-бабам  осы күнді аңсаумен

Өтіп кеткен білесіңбе ей қазақтың баласы.

 

Таңымызда Тұрғой міне нұр сыйлап

Ашық  жарқын жүрсің ғой сен жарқылдап

Кешегі күн бүгінгі тарих дегенді

Ұмытпасын мына тұрған жас ұрпақ.

 

Республикам өсе бер сен биіке

Мен нұрланам сен тұрсаңай биікте

Ата-бабам жанын қыйып кеткенін

Мәңгі  бақи ұмытпаймыз тұрады ол жүректе!

Авторы: Нұрпазил Елдос Ерланұлы

Алматы облысы бойынша қазынашылық депаратаменті

қолма-қол ақшаны бақылау шоттарды бойынша

төлемдерді өткізу бөлімінің бас маман-бас қазынашысы

 

*****

 

Менің Республикам-менің мақтанышым!  

Менің елім-кең байтақ Қазақстан,

Асқар тауы,айдын көлі шалқыған.

Туған жердің әрбір тасы, әр бұлақ,

Жүрегімде сақталады жасымнан.  

 

Көк аспанда қалықтаған қырандай,

Азат елміз-еркіндіктің жырындай.

Тарихым бар терең кеткен тамырдай,

Республикам-айбарым мен туымдай.  

 Көк туымыз желбірейді көгімізде,

Елтаңбамыз нұр төгеді төрімізде.

 

Әнұраным-рух берген жырым менің,

Ол шырқалар әр қазақтың жүрегінде.  

 Тәуелсізбін!Бұл менің бақытымда,

Азаттығым-алтын нұр тағдырымда.

Рухы биік, бірлігі бек халықпыз,

Бейбіт өмір-мәңгі жаса асыл мұра!    

 Автор: Атырау облысы бойынша Қазынашылықдепартаменті Қазынашылық жүйесін технологиялық сүйемелдеу бөлімінің бас маманы: Досымбаева Ажар Орынжановна

 

******

 

Менің Республикам – менің мақтанышым!

Егемендік – ертеңгінің сенімі,

Егемендік – адамзаттың теңдігі.

Егемендік – Бауыржанның өрлігі,

Егемендік – бабалардың ерлігі.

 

Тұғырынан таймаған дархан елім,

Бес қаруын сайлаған жайсаң жерім.

Болашаққа сеніммен қадам басар,

Ұрпағыңа ғылым мен ілім бердің.

 

Елдікті дәріптеген өр ұрпақпыз,

Ертеңіне сенетін ел құрмақпыз.

Абай атам айтқандай ғылым қуған,

Парасатты, білімді болу парыз.

 

Мен жастарға сенемін Мағжандайын,

Роза апам шырқап әнге салғандайын.

Көк туым желбіреші тұғырыңда,

Қырандай ештеңеден қаймықпайтын.

 

Республикам – мақтанам өзіңменен,

Азаттыққа жеттік біз төзімменен.

Тарихын дәріптейтін ұрпақ үшін,

Алашымның ұлдары жанын берген.

 

Ата заңды қадірлеп, қастерлейтін,

Байрақты бәсекеде дес бермейтін.

Өзге елде әнұранды шырқататын,

Республикам – ештеңеден сескенбейтін.

 

Ұланғайыр байтақ жерім аманат,

Отан үшін жанатын алаулап.

Болашаққа қарайтұғын сеніммен,

Қолдағы барымызға қанағат.

 

Бойымызда Исатай мен Махамбеттің қаны бар,

Ата заңы бастау алған «Жеті жарғы» заңы бар.

Намысшыл, батыр елдің, өр елдің,

Мақтанышпен, зор үмітпен ататұғын таңы бар.

 

Қадірлейік, дәріптейік, қолдайық!

Әділдік пен адалдықты қорғайық!

Сын тигізбей, мін тигізбей ертеңгі,

Жас ұрпаққа аманат қып жолдайық!

Авторы: Ақбота Саматқызы Таңатарова,  ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Тарбағатай аудандық қазынашылық басқармасының  бас маманы-бас қазынашысы 

 

*****

Республикам мақтанышым!

Тәуелсіз елім- көк туы желбіреген,

Жүз отыз ұлт татулықпен мекендеген.

Бақ дарыған бейбіт елдің перзентімін,

Мен Республикамды ерекше мақтан етем.

 

Отыз бес жыл тәуелсіз міне Қазақстаным,

Өз орным бар қоғамда- белсенді қызмет бабым,

Өрлесін, таныла берсін жер шарына,

Сақтайық жер байлығы мен халқымның ынтымағын!

Авторы: Ляйля Бекеновна Мамаева, ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Глубокое аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары

 

*****

 

Қазағыммен мақтанамын

Қазағымның мақтанамын жеріне,

Байлығына, өсіп өнген еліне!

Елім деген, жерім деген батырлар

Егемендік алу үшін оққа тіккен кеудесіне.

 

Діні, тілі, шежіресі тарихтарда жазылған

Басқа ұлтпен достығымыз жарасқан.

Қандастарға құшақ жая қарсы алып,

Бірлігіміз татулықпен қайнасқан.

 

Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранмен шырқалған.

Әлем танып, Астанамыз жайқалған.

Жасай берсін, тұғырлы боп Азаттық

Ұлтымыздың салт-дәстүрі сақталған!

Авторы: Шайхиева Захира Кеналықызы, Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаментінің «Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары бойынша төлемдерді өткізу» бөлімінің бас маманы

 

*****

 

Менің  Республикам-менің мақтанышым

Көк байрағым көк аспанда желбіреп,

Еш мұңым жоқ, жүрегімде тыныштық.

Ата-бабам мұра етіп қалдырған,

Байтақ елдің тумасымын, мақтанам.

 

Республика болдық қой деп қуанды,

Күні кеше күллі қазақ баласы.

Еш алаңсыз көк байрақтың астында,

Тұрып жатыр қанша ұлттың баласы.

 

Ата Заңым, Елтаңба мен туым бар,

Шекараға қорған болған әскер бар.

Болашаққа бағдар құрып, ұмтылар,

Жалындаған жастар да бар үміті ақ.

 

Республикам зайырлы әрі егемен,

Қуанамын, мақтанамын әр кез мен.

Шарықтасын, өркендесін еліміз,

 Бірлігіміз берік болсын әрдайым!

 

Сен не істедің, өз еліңе, жеріңе?

Сұрақ қойсын әрбір қазақ өзіне

Қазынашымын адал еңбек атқарған

Тетігімін  Республикамның қаланған.

Авторы: Нургалиева Динара,  Жетісу облысы бойынша қазынашылық департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы

 

*****

 

Родимый край, моя земля !

Широка как песня ветра в поле

наша степь — бескрайняя мечта.

Где табуны под солнцем на просторе

Несут свободу — с юности, с листа.

 

Берёзы тянутся к ветрам степным,

Шуршат листвой у речки утомлённой.

И реки — Сырдарья, Урал, Иртыш

Свой бег ведут, судьбой определённый.

 

Мы вместе сеем, строим, бережём,

Пусть ветры степи души укрепляют.

Наш Казахстан — и юн, и мудр,

И в нём сердца в созвучии звучат, не умолкают!

 

Пусть в детских глазках светится мечта,

И юность верит в силу созиданья.

Пусть процветает наша сторона —

Наш Казахстан — опора, вдохновение и знанье!

 

И пусть звучит наш гимн в сердцах всегда,

Как зов свободы, верности и мира.

Единый мы народ, одна страна,

Судьбою связаны, как степь и небо-вечные и мирные!

Автор: Рябинин Андрей Витальевич, руководитель Отдела исполнения бюджетоа Департамента казначейства по ЗКО

 

 

*****

 

Қазыналы ел

Бейбіт елдің биік біздің – ұланы

Тәуелсіздік жүрегімнің – ұраны

Ел дамыса, еңсемді биікке көтеріп

Қазына – мемлекеттік тұрағы!

 

Қызмет етіп, Отанға адал ниетпен

Әр күн сайынтесеп шоттар, игі істер!

Мемлекеттің өткізіп кіріс-шығысты

Халқы үшін еңбек еткен қазынашы қызметкер!

 

Республика – Еркіндіктің самалы

Бірлік пен еңбектің де амалы,

Болса дейміз еліміздің тұрақытылық жағдайы,

Тола берсін күннен күнге қазынасы арнайы.

 

Республика – тәуелсіздік аспаны,

Жарқырасын, Жайнасын ұлы даласы

Бабалардың аманат қылған ниетпен

Сақтайық біз әрі қарай, соғып тұрған жүрекпен!

Авторы: Құдайбергенова Мөлдір Ілиясқызы, Еламанова Әлия Қабдрешқызы, Батыс Қазақстан облысы

 

 

*****

Менің Республикам - менің мақтанышым!

Сен қымбатсың! Егемендік алған күн!

Ел көзінен қуаныш жасы  тамған күн!

Сен қымбатсың,   мәңгілік,

Қалың елдің

жүрегінде үміт оты жанған күн!

 

Отыз бес жылда дамып, кемелдендік,

Көрсетіп қайсар елім, ерен ерлік.

Көзіміздің қарасындай қымбат бізге,

Ата-бабам аңсаған егемендік!

 

Тәуелсіздік алып ешкімнен қалыспай,

Жас тұлпардай қосыла кеткен жарысқа,

Отыздан асып ордалы ел болдықта,

Айналдық біз азиялық ақ барысқа!

 

Жас болсақта қадамымыз басқан нық,

Талай талай тың жобалар бастадық,

бейбіт  ел болып танылдық жер жаҺанға,

Жаппай жойғыш қарулардан бас тартып!

 

Сарыарқаға көшіріп бас қаланы,

Салдық көркем, ел ордамыз,  Астананы.

"Нұрлы жолмен"  түстік даму жолына,

"Ұлттық жоспардың" орындап жүз нақ қадамын.

 

Қадам басып ел болуға мәңгілік,

ЭКСПО мен бар әлемді таң қылдық.

Жаңашылдық пен ата салтын ұштастырып,

Қайта түлеп, рухани жаңғырдық!

 

Көгіңде қалықтайын самғап ұшып,

Жүрегімнен маржан жырлар ақтарылсын!

Саған деген махаббатым мәңгілік ән,

Менің Республикам, менің мақтанышым!

Авторы: Талғат Бағдатұлы Мекей,   Қарағанды облысы бойынш қазынашылық департаментінің Шахтинск қалалық қазынашылық басқармасының басшысының орынбасары

 

*****

Республика күніне тарту

Бір мақтаныш сезім билеп бойымда,
Егемендік шабыт беріп ойымда.
Желбіреген көк байрақтың астында
Жаңа леппен тойлайтын бір тойым бар.

Бодандықтың бұғауында қалғаны,
Бабаларым сан ғасырғы арманы-
Бұл тәңірдің бере салған сыйы емес,
Бұл-күреспен егемендік алғаны.

Елдігіміз қайсар рухпен жалғанды,
Алты алашты әлем танып қалғанды.
Қазақ елі Декларация жариялап
Заң жүзінде іске асырды арманды.

Қанша қиын өткелдерден өткен ел,
Азаттыққа маңдай терін төккен ел.
Енді міне іргетасы жаңарып,
Тәуелсіз боп сан белеске жеткен ел.

Артқа тастап тарих толы сан жылды,
Ұлттық сана, ұлттық рух та жаңғырды.
Тұрақтылық туын жықпай айбынмен,
Қазақстан барша әлемді таң қылды.

Жасампаздық жолдарымен қарқындап,
Қазақ елі оранғандай жарқын бақ.
Егемендік, біртұтастық бейнесін
Әнұран, Ту, Елтаңбамен айқындап.

Мерейленіп, мақтанамын еліммен,
Адал қызмет арнап туған жеріме.
Қазынаның ашықтық пен тәртібін,
Қамтып келем зор абырой, сеніммен.

Бүгін міне, елде Ұлттық мереке,
Бекем болсын бірлік пенен береке.
Елдігіміз азаймай, нық орнасын!
Тәуелсіздік тұғырынан таймасын!
Авторы: Алпанова Райхан Бейбітқызы, Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаменті, қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

 

*****

Менің Республикам-менің мақтанышым!

Қазақ елі! Құтты болсын мерекең!

Аса берсін,таси берсін берекең !

Республика күні -барша халқымыз

Құр қалмасын жақсы тілек тілеуден!

 

Аспанымыз ашық болып әрдайым,

Жұлдызымыз төбемізде жайнасын.

Қазынаның қазанында бұрқылдап

Таусылмайтын қазынамыз қайнасын!

 

Еліміздің  білімді боп жастары

Қазағымның абыройын асырсын.

Алыс-жақын шет елдегі кейбіреу

Қазақ деген кім екенін танысын.

 

Қазақстан,  тек өзіңсің  мақтаным

Ата берсін арайланып ақ таңың.

Берілген өзіңе адал ұрпағыңмын

Тілегін тілеп жүрген қазағының.

 Авторы: Сералиева Раш Ибрагимовна

Қызылорда облысы бойынша Арал аудандық

 қазынашылық басқармасының басшысы 

 

******

Республикам менің-мақтанышым

Мақтанам дана халқыммен!

Дархандай кең пейілмен,

Баладай шат көңілмен,

Жүреді әр кез қуанып,

Анадай күліп, мейріммен,

Құттықтап, тілек тіледім,

Республика күнімен!

 

Елімен, жері кең байтақ,

Жүрегі жайсаң қазағым,

Мақтанам әр кез жүргенде,

Еңсесі биік тауыммен.

Құттықтаймын халқымды,

Республика күнімен!

 

Талай ақын жырлаған,

Қаламын ұштап, жыр жазған

Мақтанам әр кез әніммен,

Елім жайлы шырқалған.

Құттықтаймын баршаңды,

Республика күнімен!

 

Болашағы елімнің,

Қазақстан алға дамысын,

Болсын қазақ табысты,

Болсын қазақ намысты.

Құттықтаймын елімді,

Республика күнімен!

Қазынашының үнімен!

Авторы: Исабекова Айнұр Умерсериковна

Қызылорда облысы бойынша

 қазынашылық департаментінің

қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

 

*****

 

Елім менің - Отаным

Құтты болсын!

Туған күнің құтты болсын,

Елім менің - Отаным.

Күшім менің өсе берер,

Отанымнан от алып.

 

Аман болсын туған халқың,

Сақтап жүрген ата салтын.

Жеріңнің бай асты да үсті,

Жайқала өскен егін алтын.

 

Өз еліңнің , өз жеріңнің,

Иесі болыңдар

Азаматтар , туыс бауыр,

Тоғысыңдар, толыңдар.

 

Аман болсын, бала- шаға

Болашағы Елімнің.

Қазағым жүрсін деймін,

Биігінде сенімнің!

Авторы: Қоңқабай Мамыр Бейбітқызы, Қостанай облысы бойынша Қазынашылық департаменті Электрондық депозитарий бөлімінің бас маманы

 

*****

Республикам - мәңгілік мақтанышым,

Шүкір етем сендегі ақ таң үшін.

Әрбір адам тынымсыз еңбек етер,

Бейбітшілік ұранын сақтау үшін.

Республика - тәуелсіз ел тірегі,

Ел деп соғар пенденің ақ жүрегі.

Көк жалауын елдіктің адал ұстау,

Алты алаштың айтулы ақ тілегі.

Байтақ өлкем- сұлусың, асыл неткен?!

Қазағыңды, өзгесін де ғашық еткен.

Қасиетің үшін талай ер бабам,

Жанын берді, шегінбеді қайсарлықпен.

Егеменді, қастерлі Тәуелсіздігім,

Күш береді елдігім, еркін тілім.

Республикам мәңгілік мақтанышым,

Жарқырай бер, азат күн - бақ жұлдызым!

Авторы: Жұмалы Гүлнәзира Әділбекқызы

Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Электрондық депозитарий бөлімінің бас маманы.

 

******

 

Республикам -  мақтанынышым

Көгінде  күні  ,  төрінде  гүлі  жайнаған

Мереке  күні  ---  шаттыққа  толды  айналам.

Қазақстаным  құт  мекен   болған  талайға

Ерен   еңбек пен  бірліктің  жыры   қайнаған.

 

Жайлауың толып  төрт  түлік малға  - сай салаң,

Теңіздей  толқып  егістік  алқап  жайқалар.

Қазақстаным  -    еңбегіменен халқымның

Қарқынды   дамып  келе  жатқаның  байқалар.

Ақтауым  мынау ,  ақ шаңқан  ару-  ақ  қалам

Өзіңнің  әркез  жетістігіңмен   мақтанам.

Республикамның  мерейлі  бүгін  тойында

Шын  жүрегіммен тебіренемін де шаттанам.

Авторы: Құлтумаева Ботакөз, Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің штаттан тыс тіркеуші қызметкері

 

******

 

Қазақстанға тағзым

Кең далаңда жел жүгіріп, ән салған,
Күн күледі көкжиектен тамсанған.
Мен сен үшін жаралғанмын, туған ел,
Сен бар жерде – өмір мәңгі жалғанбан!

 

Сенің әрбір адыр, қырың – жыр менің,
Сенің әрбір тасың – менің түр-тегім.
Қай қиырдан көз жіберсем, ұғынам,
Менің баққа толы байтақ бір елім!

 

Көлдеріңде күннің нұры ойнайды,
Толқындарға тал шыбықтар бойлайды.
Бала күлкі, қоңыр самал, бозторғай –
Жыр боп ұшып, жүрек ішін жайлайды.

 

Тауға шықсам – биігіңнен дем алам,
Бұлтты сүйіп, көкке қыран жол алам.
Күн астында Қазақстан тұр асқақ,
Желбірейді туы көкте — мен аман!

 

Мен өзіңнен қуат алдым, сенім де,
Жол табамын таусылғанда мен үнде.
Туған жердің топырағы киелі,
Тынысым да – өзің берген өмірде!

 

Бірлік пенен тәуелсіздік белгісі,

Мәңгілік ел – бабалардың тең түсі.

Республика – елдігіміз айғағы,

Жарқыраған болашақтың кең кілті!

 

Халқым үшін мәңгі жасар ел күші

Кең байрағым - елдің асқақ теңдесі

Қазан айы – қуаныштың айы бұл,

Республика –  ел тірегі, ел іші!

 

******

 

Туған ел – Қазақстаным

Туған жердің иісі – ескі жыр сияқты,
Жүрек соғар со бір үнді тыңдап ап.
Жел де соқса жусан болып иісін,
Балалықтың есігінен сығалап.

 

Көлдің беті – көздің ізі, мұң тұнған,
Тау да үнсіз сыр айтады бұлтынан.
Бір уыс топырағың да киелі,
Бір тамшың да жетер, елге ынтыман.

 

Сағыныштың салмағы ауыр, бел майы,
Көңіл кейде құс боп ұшып желдейді.
Туған елдің әр тасында тарих бар,
Әр тасыңда атам жүрген із дейді.

Қайыңдарың сәлемдесіп тербелер,
Қайда барсам, жусан иіс ермелер.
Қара топырақ – қара шаңырақ сынды,
Тіршіліктің түбі соған келмелер.

 

Менің елім – менің мәңгі өлеңім,
Өзгеше бір елге ұқсап көрмедім.
Сен бар жерде – сенім бар, өмір бар,
Сенсіз өмір – тамыры жоқ терегім.

 

Ұрпағыма қалдырылған ер ісі,

Көк байрағым – елдің асқақ теңдесі.

Қазан туып, 35 жыл тойланып,

Асқақтады ел ордасы төр ісі.

Республика – халқымның таңдауымен,

Жол бастайды еркіндіктің кең көші.

 

Туған жерім, сені ойласам – от тұтам,
Сен бар кезде мен ешқашан тоқтаман.
Өзегімде сенің үнің жаңғырып,
Өзім – елмін, ел – өзімнің бақытым!

Авторы: Н.Б.Сагатова Павлодар облысы Успен аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

 

******

Туған жерім, туған елім, Казақстаным!

Байтақсын деп өзіңмен мақтанамын!

Алтын қыран, көгілдір ту жайқалғанда

Тербеледі кеудемде дара сезім!

Туған жерім, туған елім, Казақстаным!

Қандай ыстық жаныма әр аймағың!

Жасыл кілем, ну орман, асқар тауға

Қарасаң, сұлулыққа көз тоймайды!

Туған жерім, туған елім, Казақстаным!

Болашағы жарқын ел деп табамын!

Сен гүлденсең, жарқырасаң, жайқалсаң

Көркейеді өзіңмен халқын-дағы!

Авторы: Жумабекова Жангуль Сансызбаевна – Мағжан Жұмабаев ауданының қазынашылқ басқармасының басшысы

 

 

******

 

Менің Республикам

Аманат қылып кең байтақ жерін,

Бабалар өткен қорғаумен елін.

Тәуелсіз, еркін сақтайық бізде,

Жайнай бер, жаса Республикам менің.

 

Рахмет саған, арайлап атқан ақ таңым үшін.

Қарқындап, дамып жатқаның үшін.

Қаншама ұлтқа болғансың қорған,

Менің Республикам-менің мақтанышым.

Авторы: А.Койбагаров, Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің қызметкері

 

******

 

Туған елім

Түркістаным – түлеген салтанатым,

Төрткүл дүние таныды, самғап атың...

Бой көтердің жас қайың сияқтанып,

Сұлуға тән көркің бар таңданатын.

Ақ маржандай қаз қатар қонған үйлерің,

Сағыныш саздай, тербейді көңіл күйлерін.

 

Жасыл желекке оранған мынау саябақ,

Таңданып, таңда! Сән менен әннің түрлерін.

Қазақстан – туған елім, ай - күнім,

Өзің барда, бойымда болмас қайғы-мұң.

Толқынға қарсы, жүзетін кейбір шақтарда,

Демейтін мені, шыңдайтын мені - айбының!!!

Авторы: Г.А.Байзакова, Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаменті Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы

 

Елім менің – Тәуелсіз Қазақстан!

Елім менің – еркіндігі асқар тау,

Бәйтерегің биік өскен жас қалқау.

Тарихыңда талай сындар болған-ды,

Сол сындардан сүрінбедің, асқақ тау!

 

Күн астында көк байрағың желбіреп,

Азаттықтың әні айтылар ел тілеп.

Бабалардың аңсағаны – бүгінгі,

Тәуелсіздік, мәңгі жасай бер тілек!

 

Ел бірлігі – еңселі елдің айнасы,

Халықтың да биік болсын ой-санасы.

Республика күні – ұлы мереке,

Жүректерде жаңғырады жыр даусы!

 

Бақыт құсы қонған елдің баласы,

Бейбіт күннің жарқылдайды шамасы.

Отан деген қасиетті ұғыммен,

Мақтанамыз – Қазақстан даласы!

Авторы: Ташкенбай Ердәулет Жақсылықұлы

Ұлытау облысы бойынша ҚД

Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің маманы

 

******

Менің Республикам

Кең дала – менің қонысым,

Көк байрақ – менің өрісім.

Тәуелсіз елім – тірегім,

Туған жер – менің елдігім.

 

Асқақтай берсін асылым,

Асылға толы ғасырым.

Қазақтың мынау даласы –

Менің бар баққан жасырым.

 

Елімнің жатыр еншісі,

Береке–бірлік жемісі.

Жүректе жанып тұрады,

Отанға деген сүйісі.

 

Төбемде күндей нұры бар,

Бағым да менің тұнық ар.

Қазақстаным – жүрегім,

Республикам – Ұлы Отан!

Авторы: Шахманова Майра

Шымкент қаласы бойынша ҚД

Әкімшілік-құқық бөлімінің бас маманы

 

******

 

Менің Республикам -менің мақтанышым

Кең далам күрең түске боялғанда,

Кеудемде қоңыр үні домбыраның

Күй болып қанмен бірге тулағанда,

Тозығы жетіп ыдыраған сол заманның

Нүктесі кез-кезімен қойылғанда, 

«Егемендік декларациясы» қабылданып,

Қазақстан қайта түлеп жанданғанда,

Құқықтық құжаты сол кепіл болып,

Елім менің еңсесін тік көтерді.

Көк Түркіден ілескен көшпен бірге

Елімнің басынан бұл не өтпеді?!

Зар-заман әр кезеңде қайталанып,

Тәуелсіздік болды үнемі көксегені.

Жадымда тұр ғой сайрап есіл ерлер,

Егемендікті ту етіп, тер төккендер.

Тарихын Қазақ хандығының тергемей-ақ,

Ғасырың жиырмасыншы болды сабақ.

Мұраты - зайырлы үкімет құру болған

Алты арыстың бүгінде еңбегі еленді.

Мемлекеттің шекарасы дараланған

Тұтастықтың болды ғой ол тірегі.

Қазан айы - қамба толып астыққа да,

Көңілдер бір марқайып шаттыққа да,

Республика - «халық үні»- атына сай

Қазақстан болашаққа басты қадам!

Ерлігі бабалардың рухтандырып,

Жастарым бар  әлемді мойындатқан,

Білім, спорт, болса да мейлі өнер

Додасында топ жарып, атойлатқан

Қазақстанның әнұранын қалықтатып,

Дүние жүзін өжеттігімен тамсандырған.

Адал еңбек, таза ниет, бірлікпенен

Азаматтық борышты түсініп кең,

Ұлт пенен ұлыстардың ынтымағы

Ортақ Отан біздерді біріктірген.

Көкте -күн, биікте -қыран, жерде -халық,

Бір мақсатқа жұмылып іс атқаралық.

Елдік пен теңдік болып әр кез ұраным.

Жайнай бер, жаса мәңгі Қазақстаным!

Авторы:  Алтыншаш Жолдасбекқызы Тоқтарбаева,  Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің персоналмен жұмыс істеу бөлімінің бас маманы

 

 

******

 

Менің Республикам – менің мақтанышым

Кең далам — байтағым, байлығым мол,
Сұлулығын сеземін жүрекпен сол.
Асқақ тауларым, мөлдір өзенім,
Көз тояр көркімен тамсандырар ол.
Қасиетті жерім — менің мақтанышым!

 

Қалаларым — көркімен сәнге толы,
Көңілге қуат берер әрбір жолы.
Биік үйлер — дамудың айғағы боп,
Тарихы терең, өр рухтың тоғы.
Әсем қалаларым — менің мақтанышым!

 

Татулық — тұғырым, елдің күші,
Ынтымақ — бейбіт өмірдің ісі.
Бірлігі жарасқан сан ұлт бірге,
Татулықта тұрып жатқан бұл елде
Дана халқым — менің мақтанышым!

 

Салт-дәстүр — сарқылмас рух бұлағы,
Өнер мен өнеге — елдің шуағы.
Ғұрып пен ырым жарасқан сәнімен,
Ұрпаққа аманат — ата мұрасы.
Әдет-ғұрпым — асыл қазынам, мақтанышым!

 

Әр жанның арманы — өз жолында,
Бірі кәсіпте, бірі қызмет орнында.
Еңбектеніп, үмітін жүр сақтап,
Жарқын өмір табуға мүкіндік берген
Менің Республикам — менің мақтанышым!

Авторы: Боранбаев Ерлан Избасарович- Астана қаласы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары

 

 

******

 

Менің Республикам - менің мақтанышым

Абылай хан, Қабанбай мен Әлихан,

Теңдік үшін жанын қиған, төгіп қан.

Міне, бүгін бақытты елдің ұрпағы,

Алтын діңгек Республикам жарасқан.

Республикам – мақтанышым, тірегім,

Сені пірім, қорғанышым деп білемін.

Саған деген махаббат пен құрметті,

Аттай тулап білдіреді жүрегім.

Қуанамын, көкірек кере шаттанам,

Әділетті Республикам үшін мақтанам.

Тұған күнің құтты болсын Отаным!

Халқы үшін бар байлықты сақтаған.

Мойындаған бізді бүгін бар ғалам,

Республикам ешкімнен кем қалмаған.

Димаш атам салып кеткен сара жол,

Қасым-Жомарт-Кемелұлы жалғаған.

Авторы: Сламбек Арайлым Оқанқызы-Республикалық бюджетті атқару бөлімінің  басшысы