
2025 жылғы 15 қазанда Өзбекстан астанасы – Ташкентте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті мен Өзбекстан Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық қызмет комитеті арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа екі елдің Қазынашылық комитеттерінің төрағалары қол қойды. Меморандумның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, тәжірибе алмасу және қазынашылық қызмет саласындағы озық тәжірибелерді енгізу болып табылады. Тараптар қол қойылған меморандум екі елдің мемлекеттік қаржы жүйелерінің тиімділігін арттыруға және әріптестік байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.