Сыдықова Баян PEMPAL-дың отырыснда баяндама жасады

Сыдықова Баян PEMPAL-дың отырыснда баяндама жасады

Ташкентте өтіп жатқан PEMPAL-дың пленарлық отырысында Қазынашылық комитеті төлем операциялары басқармасының басшысы Сыдықова Баян Бақытқызы "Қазақстанның Мемлекеттік қазынашылығында төлемдерді жүргізуді автоматтандыру және бақылау шаралары" тақырыбында баяндама жасады.

Баян Бақытқызы өз сөзінде Қазынашылық комитетінің төлем процестерін автоматтандыруға және мемлекеттік төлемдерді бақылау жүйесін күшейтуге бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Баяндама Қазақстанның қазынашылық операцияларды жаңғырту және мемлекеттік қаржыны басқарудың ашықтығын арттыру саласындағы жетістіктерін көрсете отырып, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.