2025 жылғы 13-16 қазан аралығында Рахат Тоқбаев бастаған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің делегациясы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласындағы PEMPAL қазынашылық қоғамдастығының пленарлық отырысына қатысады.
Қазынашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және екіжақты тәжірибе алмасуға бағытталған отырысқа қазақстандық делегация құрамында Комитеттің басқарма басшылары - Баян Сыдықова мен Ануар Жақыпов та қатысуда.
Шараның негізгі мақсаты - қазынашылық операцияларды жаңғырту және цифрландыру саласындағы өзекті үрдістерді талқылау, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы қазынашылық қызметі комитетінің тәжірибесімен және одан әрі даму перспективаларымен танысу.
Тараптар Қазынашылықты цифрландырудың озық тәжірибелерін, оның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару процестеріне бизнес-аналитика мен жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы Министрлігі жанындағы Қазынашылық қызмет комитеті арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда. Бұл екі ел арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды тереңдету және стратегиялық әріптестікті дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.