Қазынашылықта қарттар күні атап өтілді

Қазынашылықта қарттар күні атап өтілді

2025 жылғы 1 қазанда Қарттар күніне орай Мемлекеттік қазынашылық комитетінде қазынашылық қызметінің ардагерлері —  зейнеткерлерге сый-құрмет көрсетілді. 

Біздің ардагерлер - саналы ғұмырын Қазынашылық саласын дамытуға сарп еткен, қаржы жүйесінің қалыптасуы мен нығаюына елеулі үлес қосқан жандар. Аталған кездесуде қарттарымызға еңбегі, кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс сөздер айтылды.

Ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіліп, зор денсаулық, ұзақ өмір және рухани жылулық тіледі.

Бұл күн ұрпақтар байланысын сақтау және қазынашылыққа алға жылжуға көмектесетін тәжірибені жеткізу қаншалықты маңызды екенін еске салды.