2025 жылғы 11 қыркүйекте мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Әлия Байгенжина, басқарма басшылары Гүлжиян Сәдуақасова және Әнуара Жақыпов Әзербайжан Республикасының Есеп палатасының Қазақстан Республикасының жоғары аудиторлық палатасына ресми сапары шеңберінде жұмыс кездесуіне қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Әзірбайжан Республикасы Қаржы министрлігінің және Әзірбайжан мемлекеттік қазынашылық агенттігінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында тараптар мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде: • мемлекеттік бюджетке қазынашылық қызмет көрсетуді жетілдіру; • шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру; • бюджет қаражатын басқару саласында тәжірибе алмасу; • екі елдің қаржы институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.