Алматыда Қазынашылық саласындағы цифрлық шешімдер бойынша бірлескен семинар өтуде

Алматыда Қазынашылық саласындағы цифрлық шешімдер бойынша бірлескен семинар өтуде

Алматыда бюджеттік мәселелер департаменті мен Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін халықаралық валюта қорының әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталықтың "Қазынашылық қызметінде цифрлық шешімдерді пайдалану" тақырыбында бірлескен семинары өтуде.

Семинар жұмысына Қазынашылық комитетінің басқарма басшылары Айгүл Сәрсембенова мен Данагүл Елубаева қатысуда. Іс-шараны Халықаралық валюта қоры ұйымдастырды.