Құрметті әріптестер!
Бүгін біз үшін ерекше күн – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі мен тұрақтылығының алтын қазығы болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуын атап өтудеміз.
Осы жылдар ішінде Ата Заңымыз халықтың бірлігін, елдің тұрақтылығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың берік кепіліне айналды. Қазынашылық қызметінің әрбір өкілі еліміздің қаржылық жүйесінің ашықтығы мен тиімділігіне үлес қосып келеді. Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, әрқайсыңызға мықтыденсаулық, табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!
Төраға Рахат Тоқбаев