2025 жылғы 28-29 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитетінде аумақтық бөлімшелер басшы орынбасарларының, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, ғылыми ұйымдар мен оқу орындары өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Іс-шара Астана қаласында 28-29 тамызда өтті және бюджетті орындаудың, қаржылық тұрақтылықты арттырудың және мемлекеттік қазынашылық процестерін жетілдірудің негізгі мәселелерін талқылауға бағытталған.
Семинардың бірінші күнінде өтімділік, қарыздар мен несиелерді есепке алу, қолма-қол ақша айналымы, сондай-ақ 2025 жылдың І жартыжылдығындағы ведомстволық бақылау нәтижелері қаралды. Бюджет кодексіндегі және бюджетті атқару қағидаларындағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Екінші күнінде мемлекеттік сатып алу тізілімдерін қалыптастыру қағидаларындағы өзгерістер, электрондық депозитарийді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері талқыланды.