Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Тағаев Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Рахым Мыңбаевты зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтады

Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Тағаев Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Рахым Мыңбаевты зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтады

 2025 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары Тағаев Ғалымжан Бақтыбайұлы Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Рахым Төлегенұлы Мыңбаевты зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет Агенттігінің "Мемлекеттік қызмет ардагері" медалін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік қызмет ардагері" медалін , сондай - ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс  хатын табыс етті. 

Рахым Төлегенұлының жалпы еңбек өтілі 43 жылды құрайды, оның ішінде 26 жыл - қазынашылық жүйесінде.
Екі облыста - Жамбыл және Ақтөбе облыстарында Қазынашылық департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
Қазынашылық органдарында қызмет ету кезеңінде "Қазынашылық-клиент" жүйесін, Қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін, Е - Қаржыминінің интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуге, "Бірыңғай баланс ұстаушы"пилоттық жобасын іске асыруға белсенді қатысты. Қазынашылық комитетінің, Қаржы министрлігінің грамоталарымен, мерейтойлық медальдармен, "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісімен, "Құрмет"орденімен марапатталған.
Мыңбаев Рахым Төлегенұлына ұзақ жылдар, зор денсаулық, амандық пен бақыт тілейміз!