Еуразиялық экономикалық одақ туралы халықаралық Келісімін орындау шеңберінде бірлескен аудиторлық шара өтті

Еуразиялық экономикалық одақ туралы халықаралық Келісімін орындау шеңберінде бірлескен аудиторлық шара өтті

ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы халықаралық Келісімін орындау шеңберінде бірлескен аудиторлық іс-шара өтті

2025 жылдың маусымында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Жоғары қаржылық бақылау органдарының өкілдері Қазақстан Республикасының 2024 жылғы кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы Хаттама ережелерінің орындалуын тексеру бойынша бірлескен  аудиторлық іс-шарасын өткізіді. Бақылау іс-шарасының мәні Қазынашылық комитетінің кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібін қолдану жөніндегі қызметі болды.

Бақылау іс-шарасының нәтижелері бойынша кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібін сақтау, сондай-ақ тексерілетін кезеңде ЕАЭО мүше-мемлекеттер арасында ақпарат алмасу бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.