23 маусым күні Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазынашылық комитетінің қызметкерлері арасында жүзуден жарыс өтті

23 маусым күні Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазынашылық комитетінің қызметкерлері арасында жүзуден жарыс өтті

2025 жылдың 23 маусымында  Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазынашылық комитетінің қызметкерлері арасында жүзуден жарыс өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері белсенді қатысты. Қатысушылар өзара бақ сынасып, мықты нәтижелер көрсетті. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әрбір қатысушыға оң көңіл күй сыйлады.

Жарыс нәтижесі бойынша жүзу спортынан алғашқы үштікті иеленген жеңімпаздар былайша анықталды:

Ерлер арасында:

1-орын -Искаков Төлеген;

2-орын - Сағындықов Аслан;

3-орын - Балабеков Дәурен;

 

Әйелдер арасында:

1-орын - Кульмагамбетова Ақмарал;

2-орын - Асимжанова Зарина;

3-орын - Дарменова Махаббат.

Қаламова Райхан қажырлы қайраты үшін “Болашақ чемпион” арнайы кубогымен марапатталды.

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған бұл шара қызметкерлердің денсаулығын нығайтып, ұжымдағы достық пен бірлікті нығайтуға үлкен үлес қосты.