Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазынашылық жүйеге, мемлекеттік қаржыны басқаруға, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Келіп түскен барлық сұрақтар мұқият тыңдалды. Олардың әрқайсысына толық және мазмұнды жауаптар берілді.
Кездесу форматы Мемлекеттік орган мен халық арасында ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді.