Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Ахметжанова Бану Мұратбекқызы Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.
1994 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік қаржыны басқарудың аса маңызды институты-қазынашылық жүйесі құрылды. Осы күннен бастап ел бюджетін орындаудың заманауи, тұрақты және ашық жүйесін қалыптастыру жолы басталды.
Осы жылдар ішінде қазынашылық Қазақстан қаржы саясатының ажырамас бөлігіне айналды.
Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз —орталық аппарат қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарының еңбегі, олардың кәсібилігі мен күнделікті маңызды және жауапты жұмысты орындайтын әрбір қызметкердің жоғары құзыреттілігі деуге болады.
Барша әріптестерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еліміздің игілігі жолындағя жаңа кәсіби жетістіктер мен табыс тілеймін!
Құрметпен,
Рахат Тоқбаев
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының 12 бұйрығымен Зульфия Бекежанова Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұрынғы атқарған лауазымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті операциялық бөлімінің басшысы.
Қаржы министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Байгужина Айгүл Мырзатайқызы Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Айгүл Байгужина Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ «Көкше» академиясын бітірген.
Еңбек жолын Көкшетау облысының Мемлекеттік салық инспекциясы қаржы бөлімінің экономисі лауазымынан бастаған.
Айгүл Мырзатайқызы қаржы жүйесінде айтарлықтай кәсіби тәжірибесі бар. Ұзақ уақыт бойы (1998-2021 ж.ж.) ол қазынашылық органдарында жұмыс істеді, оның ішінде бұдан бұрын Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін де атқарды. Меритократия қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтің қарапайым қазынашылық маманынан бастап басшылық лауазымға дейін барлық кезеңдерінен өтіп, өзін жоғары білікті және жауапты мемлекеттік қызметші ретінде танытты.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры қызметін атқарған.
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің ұжымы жаңа лауазымға ауысуына байланысты Комитет төрағасының орынбасары Байгенжина Әлия Құрманқызын шығарып салды.
Әлия Құрманқызы өзін жоғары білікті және жауапты маман ретінде көрсете отырып, мемлекеттік Қазынашылық Комитетінде 8 жыл қызмет атқарды. Жұмыс істеген жылдары ол қазынашылық жүйенің дамуына елеулі үлес қосты, Қазынашылықтың төлем операциялары, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелеріне жетекшілік етті.
Мемлекеттік қазынашылық Комитетінің төрағасы Рахат Келдібайұлы Тоқбаев Әлия Құрманқызына кәсібилігі, адал еңбегі және ортақ іске қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа лауазымға табыс, амандық және одан әрі кәсіби жетістіктер тіледі.
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің ұжымы жылы лебіздерге қосылып, Әлия Құрманқызына жаңа жеңістер мен барлық жоспарланған жоспарлардың орындалуын тілейді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіМемлекеттік қазынашылық комитетініңЖамбыл облысы бойынша Мемлекеттікқазынашылық департаменті ұжымына жаңабасшы – Айдос Ұзақбайұлы таныстырылды.
Айдос Ұзақбайұлы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылордамемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандығы бойыншатамамдаған.
Еңбек жолын мемлекеттік қаржы саласындаҚызылорда облысы бойынша Мемлекеттікқазынашылық департаментінде бас маман лауазымынан бастаған.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейінМаңғыстау облысы бойынша Мемлекеттікқазынашылық департаменті басшысыныңорынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 113-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 08 тамыздағы "Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" № 603 қаулысының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру шеңберінде "ForteBankт"АҚ-мен бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастыру туралы келісімге қол қойылды.
Құрметті оқырмандар - достар, әріптестер, қазақстандықтар!
Баршаңызды 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен — еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл айтулы күн баршамызды ортақ тарихпен, ортақ құндылықтармен және Отанымыз Қазақстанды дамытуға деген ұмтылыспен біріктіреді.
Әр шаңыраққа шаттық, елімізге ашық аспан, бейбітшілік пен келісім, экономикалық және қаржылық тұрақтылық, ертеңгі күнге сенімділік тілейміз.
Әріптестеріміз - мемлекеттік қазына жүйесінің қызметкерлерін ерекше құттықтаймыз. Кәсіби саладағы адал қызметтеріңіз бен ортақ іске қосқан орасан үлестеріңіз үшін мың алғыс!
Сіздерге жаңа жетістіктер, толағай табыс, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз!
Еліміз аман, аспанымыз ашық, жеріміз бүтін, мемлекеттілігіміз мығым, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 113-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 08 тамыздағы "Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" № 603 қаулысының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің бірыңғай бюджеттен уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру жөніндегі қызметін жүзеге асыру шеңберінде қазынашылық шотта "Банк ЦентрКредит"АҚ-мен Бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджеттік ақшаны орналастыру туралы келісімге қол қойылды.