Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28-ші сессиясы
Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28-ші сессиясы оздырылды.
Аудандық мәслихат сессиясына мәслихат төрағасы С.Мулдашев төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Минеев, ауылдық округ әкімдері, аудандық тиісті сала басшылары шақырылып, қатысты.
Сессияның күн тәртібіндегі «Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Казталов ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Сүндетова хабарлама жасады. Сонымен қатар «Казталов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы №9-7 «Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселе де қаралды.
Сессия барысында депутаттар Казталов ауданы орталығындағы техникалық су жүйесін реттеу, Жалпақтал ауылының шайынды суларды төгу орнын реттеу, такси және спорт мектебі аумағында көлік тұрағын жасақтау, аудандық және ауыл-ішілік жолдарды күтіп ұстау, Көктерек ауылының ішкі жолын көтеру және Көктерек ауылдық округі Саралжын ауылындағы байланыс мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдірді.
Сессияда талқыланған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары жауап берді.
Сессияда күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.