Аудандық мәслихаттың кезекті 27-ші сессиясы
Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезекті 27-ші сессиясы өткізілді.
Аудандық мәслихат сессиясына мәслихат төрағасы С.Мулдашев төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары Қ. Минеев, С. Кайрлиев, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдер мен мекеме және бұқаралық ақпарат өкілі шақырылып қатысты.
Сессия отырысының күн тәртібіндегі «Ауданда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының орындалу барысы туралы» аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов, аудандық мәслихаттың «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмысынан есебі туралы» аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Сәкен Ищанов, Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлық лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы» мәселелері бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова хабарлама жасады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік «Казталов ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы», аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмұхамбетов «Казталов аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» мәселелері бойынша түсінік берді.
Сессия барысында депутаттар Көмекші ауылы Қабансай тұсы аймағындағы жолды реттеу, ауылдық округтерде ауыл тұрғындарының сатуға апаратын малдарды соятын орындарды жасақтауға жұмыстану, Әбіш елді-мекеніндегі интернет байланысы туралы, Жалпақтал ауылындағы спорт мектебіне Зинат Ғаббасовтың есімін беру мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдірді.
Сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары жауап берді.
Сессияда талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.