БІРІККЕН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

БІРІККЕН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

БІРІККЕН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

17 наурыз күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» және «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Комиссияның күн тәртібіндегі ауданда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының орындалу барысы туралы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов, аудандық мәслихаттың «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмысынан есебі туралы аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Сәкен Ищанов, Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің айлық лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова баяндама жасады. Сонымен қатар, Казталов ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Асланбек Мустахимов, Казталов аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмұхамбетов хабарлама жасады.

Отырыс соңында Көмекші ауылындағы көпір мәселесі, Ақпәтер ауылына қатынайтын жол мәселелері талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды.