Аудандық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясы

 

Ағымдағы жылдың  17 ақпан күні  аудандық мәслихаттың кезекті 38-ші сессиясы өткізілді.

Аудандық  мәслихат сессиясына  мәслихат төрағасы  С.Мулдашев  төрағалық етті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары Қ. Менеев, С. Кайрлиев, ауылдық округ әкімдері, аудандық бөлімдер мен мекеме және бұқаралық  ақпарат  өкілі шақырылып қатысты.

Сессия отырысының күн тәртібіндегі «Ауданда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңының орындалу барысы туралы» аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова, аудандық мәслихаттың «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмысынан есебі туралы»  аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Сәкен Ищанов хабарлама жасады.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік «Казталов ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы»  мәселесі бойынша түсінік берді.

Сессия барысында депутаттар тарапынан ауылдық округтерде жастарды  ауылға тарту, тұрақтандыру  бағытында студенттердің демалысқа келу кезінде  жастарға арналған  бағдарламалар бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында жыл сайын жастар форумын ұйымдастыру, Талдыапан ауылына кірме жолдың күрделі жөндеу жұмыстары, аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау және көктемгі қардан тазалау, аудандық есепке Саралжын (Бірік а/о), Хайруш, Бостандық (Қарасу а/о), Кіші Талдықұдық елді мекендеріне қатынайтын жолдарды есепке алу жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар өткен жылдың желтоқсан айында болған боран салдарынан жеке тұрғын үйлердің төбе жабындарының бұзылуы, соған сәйкес не себепті ауданда төтенше жағдай жарияланбау себебі және сол уақытта Жалпақтал ауылынан жоғалған тұрғынның дұрыс іздестірілмеуі мәселесі көтерілді.

Депутаттық сауалдарға аудан әкімі орынбасарлары және бөлім басшылары жауап берді.

Сессияда талқыланған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.