Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы оздырылды.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы оздырылды.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 35-ші сессиясы оздырылды.

Аудандық мәслихат сессиясына мәслихат төрағасы С.Мулдашев төрағалық етті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.Менеев, ауылдық округ әкімдері, аудандық тиісті сала басшылары мен бұқаралық ақпарат өкілі шақырылып қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі «Казталов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Казталов ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Сүндетова хабарлама жасады. Сонымен қатар «Ауылдық округтері әкімдерінің өз бюджеттерін қалыптастыру мақсатында және тұрғындар сұраныстары бойынша жергілікті қоғамдастықпен бірге атқарған жұмыстары туралы» мәселе де қаралып Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Р. Шарипов пен Ақпәтер ауылдық округінің әкімі Т. Сүйенішқалиевтің хабарламалары тыңдалды.

Сессия барысында депутаттар тарапынан ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастықтың жұмысын жетілдіру, тұрғындарға бірлесіп атқарылатын жұмыстардың маңыздылығын түсіндіру, жергілікті қоғамдастық жұмысының ашықтығын көрсету, қоқыс төгетін полигондарды мал қиымен толтырмау мақсатында ауыл тұрғандарына мал қиын бөлек жинап, бөлек төгу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу, қызыл жолақтағы көлдіктерді қоршау мәселелері көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.