Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясын шақыру туралы

Казталов аудандық мәслихаты төрағасының

 

ШЕШІМІ

 

Казталов ауылы                                №33                           5 желтоқсан 2025 жыл                   

 

 

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс

34 сессиясын шақыру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының       10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 34 сессиясы 2025 жылдың            9 желтоқсан күні аудан әкімдігінің  мәжіліс залында  сағат 1630– ға шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:

  1. Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Казталов ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.
  3. Басқа да мәселелер.

 

           

Мәслихат төрағасы                                    С. Мулдашев