Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33-ші сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33-ші сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33-ші сессиясы

Ағымдағы жылдың 28 қараша күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 33-ші сессиясы оздырылды.

Аудандық мәслихат сессиясына мәслихат төрағасы С.Мулдашев төрағалық етті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Р. Иманғалиев, аудан прокурорының көмекшісі С.Тұяқбаев, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат өкілі шақырылып, қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі «Казталов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Сүндетова хабарлама жасаса, «Казталов аудандық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданына коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі 2024 - 2028 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» 2024 жылғы 14 мамырдағы №17-5 шешімінің күшін жою туралы» мәселе бойынша аудандық мәслихаттың бас маманы С. Байдуллин және «Казталов ауданы бойынша 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау аясындағы нысаналы индикаторларды бекіту туралы» мәселесі бойынша аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Д. Байдуллин түсініктер берді. Сонымен қатар аудандық прокурор көмекшісі Н. Тұяқбаевта Казталов ауданы бойынша 2028 жылға дейінгі қоғамдық тәртіпті сақтау аясындағы нысаналы индикаторлар мәселесіне тоқталып, ұсынысын білдірді.

Сессияда талқыланған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшылары жауап берді.

Сессияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.