
Аудандық мәслихаттың кезекті 32-ші сессиясы
Ағымдағы жылдың 20 қазан күні аудандық мәслихаттың кезекті 32-ші сессиясы оздырылды.
Аудандық мәслихат сессиясына мәслихат төрағасы С.Мулдашев төрағалық етті.
Сессия жұмысына аудан әкімі А. Саркулов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат өкілі шақырылып, қатысты.
Сессияның күн тәртібінде «Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық мәслихат депутаттарына есебі» тыңдалды.
Сессия барысында депутаттар Талдыапан аулында салынатын малдәрігерлік ғимарат құрылысының жағдайы, К. Меңдалиев мектебі жанындағы апатты деп табылған ғимараттың мәселесін шешу, ветеринария саласындағы проблемалық мәселелер мен мал ұрлығын алдын алу мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдірді.
Сессияның күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.