"Байқоңыр" ғарыш айлағында жаңа бақылау бекетінің ресми ашылуы.

"Байқоңыр" ғарыш айлағында жаңа бақылау бекетінің ресми ашылуы.

2024 жылғы 21 қарашада "Байқоңыр" ғарыш айлағында жаңа бақылау пункті ашылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков, ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов, "Инфракос" РМК бас директоры Назар Көптілеуов, "ЦЭНКИ" АҚ бас директоры Николай Нестечук және "Бәйтерек" БК" АҚ филиалының директоры Сырым Ынтымақов қатысты.

Сондай-ақ, осы күні Астана уақытымен 17:22 -де "Байқоңыр"  ғарыш айлағының 31-ші алаңынан "Прогресс МС-29" жүк кемесі бар "Союз-2.1а"  зымыран тасығышы ұшырылды. Ол жүкті 23- қарашада Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді.