Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық орталығында болды

Садыр Жапаров «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық орталығында болды

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық ғарыш орталығына барды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар барысында Қазақстанның ғарыштық жетістіктері мен ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысы ұсынылды.

Национальный космический центр «Қазақстан ғарыш сапары»
Фото: Рrimeminister.kz

Қазақстандық мамандар ғарыш мониторингі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, ғарыш аппараттарын құру кезеңдері мен шығарылатын компоненттердің үлгілерін ұсынды. Сонымен қатар, ғарышқа ұшыру алдында спутниктерді сынау бойынша жұмыстар жүргізілетін учаскелер қаралды.

Национальный космический центр «Қазақстан ғарыш сапары»
Фото: Рrimeminister.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа орталыққа барған кезде Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов еріп жүрді. Екі елдің ғарыш саласындағы серіктестігіне де назар аударылды.

Национальный космический центр «Қазақстан ғарыш сапары»
Фото: Рrimeminister.kz