"Байқоңыр" ғарыш айлағы мерейтойын атап өтуде

"Байқоңыр" ғарыш айлағы мерейтойын атап өтуде

Құрметті байқоңырлықтар!

Сіздерді Қазғарыш ұжымының және өз атымнан Байқоңырдың 65 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

"Байқоңыр" ғарыш айлағы күрделі, қызықты әрі тарихи оқиғаларға толы, ол әлемдік космонавтиканың көптеген маңызды сәттерін бойына сіңірді.

Байқоңыр – бұл ғарыштық бағдарламаларды қамтамасыз ететін халықаралық ғарыш айлағы ғана емес, ол ерекше мәртебеге ие қала, халықаралық ғарыш ынтымақтастығы мен үлкен перспективалы нысан, Қазақстан мен Ресейдің мақтанышы әрі үміті.

Ғарыш айлағының еңбеккерлері мен патриоттары арқасында Байқоңыр өткен жылдары барлық сынақтан лайықты өте білді.

Сондықтан, осы жолда еңбек еткен барлық мамандарға, ғарыш қаласының тұрғындарына, ардагерлерге мықты денсаулық, жемісті еңбек және ұмытылмас сәттер тілеймін!

 Құрметпен, комитет төрағасы Б.Оралмагамбетов