Азамат Батырқожа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

Азамат Батырқожа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Батырқожа Азамат Байқуанышұлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Рузаев ауданы, Новоселовка ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Мәскеу қаласындағы Ф.Дзержинский атындағы әскери академияны, 2005 жылы Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша радиоинженер, заңгер. Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы инженер ретінде бастап, кейіннен жеке және квазимемлекеттік секторларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарында басшылық қызметтерін атқарған:

  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі;
  • ҚР БҒМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары;
  • «Қазғарыш» ҰК» АҚ президенті;
  • «Қазғарыш» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы;
  • ҚР ИДМ Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры;
  • «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті.

2019 жылғы 5 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің лауазымын атқарған Марат Нұрғожин басқа қызметке ауысуына орай қызметінен босатылды.