«Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыш компаниясы Түркістан аймағының экономикасын дамытуға қатысады

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыш компаниясы Түркістан аймағының экономикасын дамытуға қатысады

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов жұмыс сапарымен Түркістанға келіп, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевпен кездесті. Келіссөздер барысында Түркістан облысының экономикасын дамыту мақсатында ғарыштық технологияларды қолданудың маңызды мәселелері талқыланды.

- Ғарыштық технологиялар бүкіл адамзаттың өміріне тереңірек еніп, экономикада үлкен рөл атқарып, барлық елдер халықтарының әл-ауқатын арттыруға әсер етуде. Бұл мүмкіндіктерді мемлекетіміздің игілігі үшін тиімді пайдалану керек, - деп атап өтті Айдын Айымбетов.

Сонымен қоса, ол «ҚҒС»  ҰК» АҚ компаниясының қызметі, ауыл шаруашылығы, экология, төтенше жағдайларда және т.б. ғарыштық мониторинг пен ЖҚЗ ойдағыдай қолдану тәжірибесі  туралы айтып берді.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев заман ағымына ілесу керек және Түркістан өңірінің экономикасын дамыту үшін ғарыш мониторингі сияқты инновациялық әдістерді  міндетті түрде пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап одан әрі бірлескен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.