Ғарыш мониторинг деректері бойынша Атырау облысындағы өрт алаңы 467 гектардан астам жерді құрады

Ғарыш мониторинг деректері бойынша Атырау облысындағы өрт алаңы 467 гектардан астам жерді құрады

ҚР ЦДАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ кеңістіктік деректер департаменті ТЖ мониторингі бөлімінің мамандары төтенше жағдайларды ерекше бақылауда ұстайды. Бұл жолы ғарыштық бақылау объектісі елдің батысындағы өрт болды.

Табиғи апат Атырау облысының Құрманғазы орманшылығында а.ж. 5-7 қазан аралығында болған.

Төтенше жағдай аймақтарын шұғыл мониторингілеу арқылы мемлекеттік орман қоры аумағында өртенген учаскенің жалпы ауданы 467,3 га құрайтыны анықталды.

Мұндай жағдайларда деректерді жедел беру мақсатында геоақпараттық технологиялар пайдаланылады. Яғни, ғарыш аппараттарынан түсірілім жүргізіледі, суреттер алдын ала және кейінгі өңдеуден өтеді, содан кейін векторлық қабаттармен геосервиске жүктеледі. Бұдан әрі өңірлердің Төтенше жағдай департаменттерінің жедел кезекшілері интернет желісі арқылы геосервис бетіне кіре отырып, базалық географиялық төсемі бар өзекті ақпаратты алады.

Яғни, дайын ғарыш түсірілімі қолға түсер алдында ол өңдеудің барлық қажетті сатыларынан өтеді.

2021 жылғы 8 қазанда цифрланған өрт аумағы мен орамдық тормен қоса берілген сурет Атырау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына әрі қарай шешім қабылдау үшін берілді.