Кеңес ғарышкері Владимир Шаталов қайтыс болды

Кеңес ғарышкері Владимир Шаталов қайтыс болды

  Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, КСРО ұшқыш-ғарышкері Владимир Александрович Шаталовтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

  2021 жылғы 15 маусымда өмірінің 94-ші жылында кеңестік ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты Владимир Александрович Шаталов қайтыс болды.

  Владимир Шаталов 1927 жылы 7 желтоқсанда Петропавл қаласында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) теміржолшының отбасында дүниеге келген.

  1943 жылдың маусым айында Петропавл қаласында сегіз жылдық мектепті бітірді. 1945 жылы Қарағандыда эвакуациялауда болған Воронеждық 6-шы ӘӘК-нің арнайы мектебін бітірді. 1949 жылы училищені бірінші разряд бойынша бітіріп, ұшқыш болды. Ғарышкерлер жасағына қабылданған сәтте жалпы ұшу 2 500 сағаттан астам уақытты құрады.

  Владимир Шаталов өзінің алғашқы ғарыштық ұшуын 1969 жылы 14 қаңтарда «Союз-4» ғарыш кемесінде жасады. Владимир Александрович алғаш рет «Союз-5»-пен қолмен жақындастыруды және түйісуді жүзеге асырды. Оның қатысуымен әлемде алғаш рет эксперименттік ғарыш станциясы құрылды және ғарышкерлер Алексей Елисеев пен Евгений Хруновтың «Союз-5» кемесінен «Союз-4» - ке ашық ғарыш арқылы өтуі жүзеге асырылды.

  Сондай-ақ, Владимир Александрович 1969 және 1971 жылдары Союз-8 және Союз-10 ғарыш кемелерінде ғарыштық ұшулар жасады.

  Владимир Александрович үш Ленин орденімен (1969, 1971, 1976 жж.), Октябрь Революциясы орденімен (1982 ж.), III дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен (1989 ж.), IV дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен (2000 ж.), «Достық» орденімен (2011 ж.) марапатталған.