Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы

Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы ғарыштық зерттеулер мен технологиялар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) бас директорының міндетін атқарушы Шухрат Қадыров бастаған Өзбекстан Республикасынан келген делегациямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйесін пайдалану мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, тараптар бұрын Министрлік әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын талқылады.

Бұдан басқа, ҚР ЦДИАӨМ ауыл шаруашылығы жерлерін және қалалық құрылысын мониторинг жүргізу бойынша геопортал жобасын таныстырды. Ұсынылған геопорталдарды одан әрі енгізу және пысықтау мәселелері пысықталуда.

Сонымен қатар, кездесуде Өзбекстан аумағында спутниктік байланыс қызметтерін көрсету мақсатында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынысы айтылды. Бұл шешім еліміздің шалғай өңірлерінде, сондай-ақ жеке бизнес үшін қызмет көрсетуге мүмкіндік берер еді.

Өзбекстан делегациясы елдер арасындағы одан әрі ынтымақтастыққа, берік байланыстар мен тәжірибе алмасуға үмітін білдірді.

Өз кезегінде қазақстандық тарап Өзбекстанмен әріптестікке үлкен үміт артатынын және болашақта қажетті көмек көрсетуге, оның ішінде бірлескен жобалар шеңберінде өзара тиімді шарттарда біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту үшін өзбекстандық мамандарды қабылдауға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті мен Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы ғарыштық зерттеулер мен технологиялар агенттігі арасындағы ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы хаттамаға қол қойды.