2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтпестен қайтарылған өтінім туралы хабарландыру

2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде  мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтпестен қайтарылған өтінім туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде ұсынылған өтінімдерді тексеру нәтижелері туралы хабарлайды.

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №517 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша конкурс шеңберінде ұсынылған 5 өтінімнің ішінен 1 өтінім белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танылып, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өтпестен қайтарылады.

Өтінімді қайтаруға өтінімнің ресімделуі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі және талап етілетін құжаттардың ұсынылмауы негіз болды.

 

ЖТН

Өтінімнің атауы

Өтінім беруші

Ғылыми жетекші

Іске асыру кезеңі

Зерттеу түрі

Басым бағыты

Техникалық тапсырма

Қайтару негізі

1

BR34836838

Төмен орбиталы ғарыш аппараттарына арналған «Ғарыш-Жер» бағытталған байланысын қамтамасыз ететін командалық-телеметриялық қабылдау-тарату құрылғысының инженерлік моделін және фазалық антенналық торды әзірлеу

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Мейрамбекұлы Нұрсұлтан

01.05.2026 - 31.12.2028

Қолданбалы

Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар

№ 3

Өтінімнің ресімделуі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі және талап етілетін құжаттардың ұсынылмауы: пысықтауға дейін конкурсқа қатысуға өтінім екі тілде - орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған, ал пысықтаудан кейін ағылшын тіліндегі конкурсқа қатысуға өтінім жоқ. «Ағылшын тіліндегі конкурсқа қатысуға өтінім» бөлімінде орыс тіліндегі өтінім жүктелген. Осыған байланысты бұрын пысықтауға жіберілген ескертулердің жойылғанын тексеру және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін бағалау мүмкін емес.