«Инфракос» РМК бас бухгалтерінің уақытша бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Инфракос» РМК бас бухгалтерінің уақытша бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Ұйым атауы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Инфракос»
Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, Мир көшесі, 13А үй

Телефон нөмірі: 8 -336 2-27-74-12
Электрондық пошта: Post@infracos.kz

Бас бухгалтердің уақытша бос лауазымына орналасуға  конкурс жариялайды:

Бос лауазымның

атауы

Саны

Еңбекақы

Бас бухгалтер

1 ставка

штаттық кестеге сәйкес

Критерийлер

Бас бухгалтерге қойылатын талаптар

Біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) кәсіби (экономикалық) білім, соңғы 5 жыл ішінде қаржы-бухгалтерлік жұмыста, соның ішінде басқарушылық қызметтерде тәжірибе.

Функционалды міндеттері

1.     ұйымның бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды, ұйым балансындағы мүліктің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2.     есептік-экономикалық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметін басқарады және қамтамасыз етеді;

3.     қаржы-экономикалық қатынастарды қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтер басшыларымен өзара іс-қимылда өз міндеттерін орындайды;

4.     бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым құрылымы мен қызметінің ерекшеліктерін, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып есеп саясатын қалыптастырады;

5.     жұмыс шоттар жоспарын (қаржыландыру жоспарын), шаруашылық операцияларды ресімдеуге қолданылатын бастапқы есептік құжаттар нысандарын, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және қабылдау, түгендеулер жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, шаруашылық операцияларды бақылау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын және құжат айналымы тәртібін сақтау бойынша жұмысты басқарады;

6.     есептік-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру, заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есеп пен бақылаудың озық нысандары мен әдістерін қолдану негізінде ұйым мен оның бөлімшелерінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

7.     ұйым қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық әрі дұрыс бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыруды және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді;

8.     мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды есепке алуды, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттың түсуін, олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетуді, өндіріс пен айналыс шығындарын, шығыс сметаларының орындалуын, өнімді өткізуді, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ қаржылық, есеп айырысу және кредиттік операцияларды есепке алуды ұйымдастырады;

9.     құжаттардың заңдылығын, уақтылы және дұрыс ресімделуін, өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнының экономикалық негізделген калькуляцияларын жасауды, еңбекақы бойынша есеп айырысуларды, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджетке, зейнетақы және басқа да сақтандыру жарналарының, банктерге төлемдердің, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражаттың дұрыс есептелуі мен аударылуын қамтамасыз етеді;

10.                       бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысу және төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуын, еңбекақы қорының жұмсалуын, қызметкерлердің еңбекақысын дұрыс есептеуді, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық құндылықтарға және ақшалай қаражатқа түгендеулер жүргізуді, бухгалтерлік есеп пен есептілікті тексеруді, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінде құжаттық ревизиялар жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;

11.                       ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп пен есептілік деректері бойынша ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады;

12.                       жетіспеушіліктердің, ақшалай қаражат пен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржылық және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды;

13.                       ақшалай қаражат пен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушіліктері мен ұрлануы бойынша қаржылық тергеп-тексерулер жүргізуге және материалдарды ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайда осы материалдарды тергеу және сот органдарына беруді бақылайды;

14.                       ұйымның банкроттығын ресімдеу рәсімдеріне қатысады;

15.                       ұйымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатын жинақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

16.                       бос қаржы қаражатын банктік депозиттік салымдарға (сертификаттарға) орналастыру және бағалы қағаздар сатып алу мәселелері бойынша банктермен өзара іс-қимыл жасайды, депозиттік және кредиттік шарттармен, бағалы қағаздармен есеп операцияларының жүргізілуін бақылайды;

17.                       штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және өзге де шығыстар сметаларының қатаң сақталуын, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де шығындарды есептен шығарудың заңдылығын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеу мен архивке тапсыруды қамтамасыз етеді;

18.                       қаржылық есептілікті (баланстар, пайда мен зиян туралы есептер, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер және капиталдағы өзгерістер туралы есептер), кірістер мен шығыстар туралы жедел жиынтық есептерді, бюджетті пайдалану туралы, өзге де бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілікті жасау мен оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың объективтілігін қамтамасыз етеді;

19.                       заманауи есептеу техникасын қолдану негізінде жоспарлау және есептік құжаттаманың ұтымды жүйесін, бухгалтерлік есепті жүргізудің озық нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады;

20.                       ұйым бөлімшелерінің қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп, бақылау, есептілік және экономикалық талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;

21.                       бухгалтерия қызметкерлерін басқарады.

 

Білуі керек

1.     бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

2.     бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілік жасау мәселелері бойынша жоғары тұрған, қаржылық және бақылау-ревизиялық органдардың әдістемелік және өзге де материалдарын, сондай-ақ ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне қатысты азаматтық құқықты, қаржылық, салықтық, әкімшілік-шаруашылық заңнаманы;

3.     зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнаманың негіздерін, ұйым құрылымын, оның даму стратегиясы мен перспективаларын;

4.     ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы ережелер мен нұсқаулықтарды, оны жүргізу тәртібін;

5.     операцияларды ресімдеу тәртібін және есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыруды, қаржылық есеп айырысулардың нысандары мен тәртібін;

6.     ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметіне экономикалық талдау жүргізу, ішкі шаруашылық резервтерді анықтау әдістерін;

7.     ақшалай қаражатты, тауарлық-материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдау, кіріске алу, сақтау және жұмсау тәртібін;

8.     дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу тәртібін, заңды және жеке тұлғаларды салық салу шарттарын;

9.     бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешекті және өзге де шығындарды есептен шығару тәртібін;

10.                       ақшалай қаражат пен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу тәртібін;

11.                       бухгалтерлік баланстар мен есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін;

12.                       тексерулер мен құжаттық ревизиялар жүргізу тәртібін;

13.                       есептеу техникасының заманауи құралдарын және оларды есептік-есептеу жұмыстарын орындау және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін талдау үшін қолдану мүмкіндіктерін, атап айтқанда салықтық және бухгалтерлік есептілікке арналған қолданбалы бағдарламаларды;

14.                       бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдірудің озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

15.                       қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттарын, қаржылық есептілік депозитарийімен жұмыс істеу дағдыларын;

16.                       өндіріс технологиясының негіздерін, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістерін;

17.                       экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздерін;

18.                       еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарын.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  2026 жылғы 2–11наурыз
Құжаттарды қабылдау кестесі: дүйсенбі–жұма, 08:00–17:30, түскі үзіліс 13:00–14:30,  демалыс күндерінен басқа.

         Конкурсқа қатысу үшін қажетті нотариальды куәландырылған құжаттардың тізбесі қағаз түрінде қолма қол Аэроғарыш комитетіне

Астана қаласы, Тұран даңғылы 98 Г.

Астана пошталық мекенжайы 010017.  Астана қ. Тұран даңғылы 89 Г.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 57-05-14

Email: kazkosmos@mdai.gov.kz

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Қоса беріліп отырғанқұжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Кадрларды есепке алу парағы;
  4. Білім туралы құжат көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  6. Соттылығы бар/жоқтығы туралы анықтама;
  7. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№ ҚР ДСМ-175/2020);
  8. Сыбайлас жемқорлық қылмысы бар/жоқтығы туралы анықтама;
  9. Біліміне, жұмыс тәжирибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынмдар болған кезде қосымша ақпарат (білім, тәжірибе, кәсіби деңгей).

Қатысушыдан бір құжат болмаса, өтініш кері қайтарылады.

Сұхбат өтетін орын: Астана қ., Тұран простпектісі, 89 Г

 (Тараптардың келісімі бойынша әңгімелесуді қашықтықтан  бейне байланыс құралдары арқылы  өткізуге болады).