«Байқоңырбаланс» РММ директорының бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Байқоңырбаланс» РММ директорының  бос лауазымына конкурс өткізу туралы  хабарландыру

Ұйымның атауы: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 468320, Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Носов көшесі, 5/1.

Номер телефона: 8 (336-22) 4-06-40

Электрондық пошта мекенжайы: baikonur_balans@mail.kz

Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Байқоңырбаланс" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Бос лауазымның

атауы

Саны

Еңбекақы

Директор

1 ставка

240 325 теңгеден бастап

Критерийлер

Директорға қойылатын талаптар

Біліктілік талаптары

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйымның тиісті бейінінде Экономикалық қызмет түріндегі басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

Функционалды міндеттері

1) Заңнамаға сәйкес ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық-шаруашылық басшылық жасайды;

2)  Қабылданатын шешімдердің орындалуын, ұйым теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және толық пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-шаруашылық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

3) Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды;

4)  Өзге ұйымдармен немесе заңды тұлғалармен шарттар, келісімшарттар, операциялар жасайды, өкімдер мен бұйрықтар шығарады, іскерлік кездесулерде ұйымның атынан өкілдік етеді;

5) Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескере отырып, олардың қызметін жаңалықтар мен нарықтық жағдайдағы өзгерістерге жылдам ден қоятын, тауарлар мен қызметтерді икемді және ұтқыр өндіруді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;

6)  Ұйым жұмысының тиімділігін арттыруды, өнімдер мен қызметтер сатылымын және пайданы ұлғайтуды, өндірілетін өнімнің (қызметтердің) сапасын және бәсеке қабілеттілігін, отандық және шетелдік нарықтарды жаулап алу мақсатында олардың мемлекеттік және жоғары дамыған елдердің, озық компаниялардың стандарттарына сай келуін қамтамасыз етеді;

7) Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру қорлары, өнім берушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттарының) және индикативті жоспар мен бизнес-жоспарлардағы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;

9)  Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің үйлесуін, өндірістік және өзге мәселелерді талқылау мен шешуді, өндірістің тиімділігін арттыруды материалдық және моральдық көтермелеуді қамтамасыз етеді;

10) Әлеуметтік әріптестік принциптері негізінде ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндіріс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, жұмыскерлердің еңбекке ынталылығын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді;

11) Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді, өзге лауазымды адамдарға – директорлардың орынбасарларына, кәсіпорынның өндірістік бірліктері мен филиалдарының, сондай-ақ функционалдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

12) Ұйым қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруда заңдылықтың сақталуын, нарық жағдайында қаржылық басқару мен жұмыс істеуге арналған құқықтық құралдардың пайдаланылуын, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, бизнестің (кәсіпкерлік қызметтің) ауқымын қолдау және кеңейту мақсатында ұйымның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді;

13) сотта, төрелік сотта мемлекеттік билік және басқару органдарында кәсіпорынның мүліктік және өзге де мүддесін қорғайды және оның атынан өкілдік етеді.

Білуі керек

1) Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін, экономиканың және жалпы экономикалық қызметтің тиісті түрінің дамуының басым бағыттарын, ұйымның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективаларын, стратегиясын, басымдықтарын айқындайтын заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік органдардың актілері;

2)  ұйымның қызметіне қатысы бар өзге де органдардың әдістемелік және нормативтік материалдары;

3)  ұйымның бейіні, ерекшелігі және құрылымының ерекшелігі;

4) Есеп және қаржылық талдау негіздері, кредит беру схемалары;

5) Ұйымның өндірістік қуаты мен кадр резервтері;

6) Ұйымның өнім өндіру технологиясы;

7) Салық заңнамасы;

8) Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын жасау және келісу тәртібі;

9) Ұйым шаруашылығын жүргізу және басқарудың заманауи әдістері;

10) Стратегиялық жоспарлау, нарық - сыртқы және ішкі (өзінің секторы және онымен өзара байланыс) конъюнктурасы, бәсекелестер, өнім берушілер мен тұтынушылар;

11) Ұйымға өзінің нарықтағы жай-күйін айқындауға және жаңа өткізу нарығына шығу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік беретін экономикалық индикаторлар жүйесі;

12) Практикалық маркетинг, жарнама техникасы, сатуды басқару;

13) Өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озық шетелдік және отандық тәжірибе; тиісті қызмет түрінің тәжірибесі және үздік ұқсас ұйымдардың қызмет тәжірибесі;

шаруашылық және қаржылық шарттар жасау және оларды орындау тәртібі;

14) Салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу және жасасу және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібі;

15) Ұйымның экономикасы мен қаржысын басқару, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;

16) Еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

        

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 12-25 желтоқсан аралығында.

Құжаттарды қабылдау кестесі:дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін, демалыс күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Аэроғарыш комитетінің атына қолма-қол қағаз түрінде пошта арқылы:  индекс 010017, Астана қаласы, Тұран даңғ. 89 Г 

Байланыс телефоны:  8 (7172) 57-05-14 email:  k.kazkosmos@mdai.gov.kz

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген)

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; 

6) справка о наличии либо отсутствии сведений о судимости;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

9) біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (бар болса) (біліктілігін арттыру, ғылыми далалар мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар).

         Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.         Әңгімелесу өткізу орны:  Астана қаласы, Тұран даңғ. 89 Г

(Тараптардың келісімі бойынша әңгімелесуді қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізуге жол беріледі.).