ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және  аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

Бүгін Жүйріктаев Мәлік Қуанышбекұлы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының («РҒБО» АҚ) Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Малик Жүйріктаев 1973 жылы дүниеге келген.  

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастады.

Өзінің еңбек жолын қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейін көтерілді.  

«РҒБО» АҚ-ның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның «Востоктелеком» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметінде еңбек атқарды.

М.Қ. Жүйріктаевтың жұмыс өтілі 25 жыл, оның 17 жылы байланыс саласында.

«Үздік байланысшы» құрметті атағымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы екеуі 3 баланы тәрбиелеп отыр.