Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Құжаттар
Комитет туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Аэроғарыш өнеркәсібі
31 октября 2020
«Бәйтерек» жобасы бойынша келісімге қол қойылды

2020 жылғы 31 қазанда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусиннің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Д. Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамытуды талқылады. «Бәйтерек», «Гагарин старты» жобасы бойынша мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Рәсім шеңберінде «Бәйтерек» ҒЗК құру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа қол қойылды, оған өз кезегінде «ЦЭНКИ» АҚ Бас директоры Андрей Охлопков және ««Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ Бас директоры Қуат Мұстафинов қол қойды.

Анықтама ретінде: «Бәйтерек» ҒЗК объектісі экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ресейлік «Союз-5» тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал түрлендірулерімен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен болып табылады. Бұл жобада Ресей тарапы «Союз-5» зымыран тасығышын, техникалық және ұшыру кешендерінде бақылау-тексеру аппаратурасын жасауды, сондай-ақ үдеткіш блоктың, ғарыш аппаратының және ғарыш бас бөлігінің техникалық кешенін жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Қазақстан тарапы «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің жерүсті инфрақұрылымы объектілерін қайта құру мен жаңғыртуды жүргізеді.

Аэроғарыш өнеркәсібі
14 октября 2020
Қазақстан мен Түркия арасында ғарыш саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

Түрік ғарыш агенттігінің делегациясы 2020 жылғы 12-14 қазан аралығында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Түрік ғарыш агенттігінің президенті Сердар Йылдырыммен кездесуі барысында елдердің ғарыш саласын дамыту және осы саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Түрік делегациясы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында болып, Жерді қашықтықтан зондтайтын қазақстандық спутниктердің жұмысымен танысты.

Жұмыс кездесуі Байқоңыр қаласында жалғасты. Түрік ғарыш агенттігі делегациясының мүшелері космонавтика тарихының қалалық мұражайына барып, ғарыш айлағының нысандарын аралап, «Союз МС-17» басқарылатын жүк кемесімен «Союз-2.1 а» тасымалдағыш-зымыранның ұшырылымын тамашалады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазғарыш пен Түрік ғарыш агенттігі ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қойылғанна кейін Түрік ғарыш агенттігінің президенті Сердар Йылдырым мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов: «Бұл құжат екі елдің ғарыш мекемелері мен кәсіпорындары арасындағы тәжірибелік ынтымақтастықты бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Аэроғарыш өнеркәсібі
14 октября 2020
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-17» басқарылатын жүк кемесімен «Союз-2.1 а» тасымалдағыш-зымыраны сәтті ұшырылды

2020 жылғы 14 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 11 сағат 45 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз МС-17» басқарылатын жүк кемесімен «Союз-2.1 а» тасымалдағыш зымыраны ұшырылды.

Ұшырылым «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31 алаңынан штаттық режимде өтті.

Экипаж құрамында Роскосмостың ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Сергей куд-Сверчков және NASA астронавты Кэтлин Рубинс бар.

Экипаж ғылыми зерттеулер бағдарламасын орындауды, борттық фото-, бейнетүсірілім жүргізуді жоспарлап отыр.

 «Союз МС-17» басқарылатын жүк кемесін ұшыру Халықаралық ғарыш станциясының ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған.

«Союз МС-17» кемесін халықаралық ғарыш стансасына жақындату екі айналымдық схема бойынша жүргізілетін болады.

 «Союз МС» басқарылатын жүк кемесінің әзірлеушісі:  «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы.

«Союз-МС» – «Союз ТМА-М» ғарыш кемесінің жаңа жаңғыртылған нұсқасы. Жаңарту басқарылатын ғарыш аппараттарының барлық жүйелеріне әсер етті. Жаңартылған ғарыш кемесін сынау кезеңі 2015 жылы өтті.

Аэроғарыш өнеркәсібі
01 октября 2020
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

Бүгін Жүйріктаев Мәлік Қуанышбекұлы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамының («РҒБО» АҚ) Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Малик Жүйріктаев 1973 жылы дүниеге келген.  

Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облыстық Телекоммуникациялар дирекциясынан бастады.

Өзінің еңбек жолын қатардағы инженерден бастап, Қазақстанның жетекші байланыс кәсіпорындарының өңірлік бөлімшелерінің басшысына дейін көтерілді.  

«РҒБО» АҚ-ның Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Қазақтелеком» АҚ-ның «Востоктелеком» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметінде еңбек атқарды.

М.Қ. Жүйріктаевтың жұмыс өтілі 25 жыл, оның 17 жылы байланыс саласында.

«Үздік байланысшы» құрметті атағымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы екеуі 3 баланы тәрбиелеп отыр.

Аэроғарыш өнеркәсібі
02 сентября 2020
Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқанына 5 жыл

Айдын Айымбетов 5 жыл бұрын, 2015 жылғы 2-ші қыркүйекте ғарышқа ұшып, үшінші қазақ ғарышкері атанды. 

«Союз ТМА-18М» басқарылатын ғарыштық кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан Елорда уақытымен сағат 22:37 минут өткенде аттанды. Халықаралық экипаж құрамында ресейлік ғарышкер, №1 бортинженері Сергей Волков, Дания Корольдігінің астронавты Андреас Могенсен және №2 бортинженері Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов болды.

Қазақстандық ғарышкердің мәртебесі Қазғарыш ұсынысының арқасында өзгерткенділігін айта кеткен жөн. Себебі алдымен Айымбетов ашық кеңістікке қатысушы ретінде ұшады деп жоспарланған еді, алайда ұшатын уақыт таяғанда оның мәртебесі біліктілігіне сәйкес, «бортинженер-2» деп өзгертілді.

10 күнге созылған сапарда Айдын Айымбетов ғарыштағы 5-ші ұлттық ғылыми зерттеу бағдарламасын орындады. Алғашқы 4 бағдарлама 1991 жылы Тоқтар Әубәкіровтың және 1994, 1998, 2001 жылдары Талғат Мұсабаевтың ғарыштық сапарларында атқарылған еді.

Жалпы ғарыштық зерттеу бағдарламасы 10 ғылыми тапсырмадан құрылған, оның ішінде Арал және Каспий теңіздерінің экологиялық жағдайына мониторинг жүргізу және «Дастархан-6» деп аталған ұлттық тағам өнімдерінің ғарыштағы пайдалы қасиеттерін зерттеу болды.

Қазіргі уақытта ҚР ұшқыш-ғарышкері, ҚР Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ вице-президенті.

30 августа 2020
Конституция күнімен!
Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуымен құттықтаймыз!

Қазақстан Конституциясы мемлекеттілікті, тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қызмет етуде. Әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу – Ата Заңымыздың аясында атқарылуда.

Тәуелсіздігіміздің кепілі болған Конституция күнімен баршаңызды құттықтай отырып, отбасыңызға амандық, зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Еліміздің болашағы жарқын болсын!
 
Құрметпен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
 
 
Аэроғарыш өнеркәсібі
Геодезия және картография
14 августа 2020
Елімізде жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірінші жартыжылдықтағы ғарыштық мониторинг қорытындыларын жариялады.

Ғарыш мониторингі министрлік қызметінің аэроғарыш өнеркәсібін дамытудағы бағыттарының бірі және ол мемлекеттік органдардың талдау жасауына және өз саласы бойынша міндеттерін шешуіне мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың нәтижесінде жыл басталғалы 12 геосервис жұмысы өзекті етілді, 3,5 мың бірлік немесе 1,5 млн. шаршы км. тұнықтығы жоғары ғарыш түсірілімдері ұсынылды. Сондай-ақ, орташа ажыратымдылықтағы суреттер бар, олардың саны 75 бірлік немесе 440 мың шаршы км. асады.

Ғарыш мониторингінің нәтижелері мемлекеттік органдардың өз жұмысында қолдануы үшін мамандандырылған геосервистерге жүктеледі. Бұдан басқа, деректерді интеграциялауды орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерімен салыстыру тұрақты жүргізіледі.

Мысалы, ғарыштық мониторинг арқылы бүгінде жалпы ауданы 350 мың шаршы км-ден астам ауыл шаруашылығы алқаптарының пішіні өзектендірілді, шамамен 19 млн. гектар дәнді дақылға арналған егістік алаңы анықталды. Сондай-ақ, стихиялық қоқыс үйілген 1114 орын анықталды, орман ағашын кесудің 1104 полигоны қаншалықты заңға сай жұмыс істеп жатқаны талданды. Ғарыш суреттері төтенше жағдайларды анықтауға да көмектеседі: 87 мыңнан астам термальді нүкте белгілі болды  және 1073 өрт оқиғасы тіркелді, өртенген аумақтың ауданы 650 мың гектардан асады.

31 июля 2020
Құрметті Отандастар!

Ұлық мереке – Құрбан Айт құтты болсын!

Ата-бабалар дәстүрімен үйлесе отырып, бүгінде бұл мереке мемлекеттік мәртебеге ие. Бұл Мемлекет басшысының дана саясатының, сондай-ақ еліміздің барлық діни конфессияларының ынтымағы мен достығының жарқын мысалы.

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, жақындарыңызға амандық тілеймін! Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Қазақстанымыздың мерейі үстем болып, халқымыздың ауыз біршілігі арта бергей!

Аэроғарыш комитетініңтөрағасы Б. Оралмағамбетов

 

Аэроғарыш өнеркәсібі
31 июля 2020
«Протон-М» тасылмалдағыш зымыранымен ұшырылған «Экспресс-80» және «Экспресс-103» ғарыш аппараттарының ұшырылымы бойынша

2020 жылғы 31 шілдеде Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 03 сағат 27 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» тасымалдағыш зымыранымен «Экспресс-80» және «Экспресс-103» ғарыш аппараттары ұшырылды.

Ұшырылым «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Протон» ТЗ старттық кешенінің 200 алаңынан жүргізілді.

Академик М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» АҚ шығарған «Экспресс-80» және «Экспресс-103» спутниктері «Ғарыштық байланыс» федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны мүддесінде геостационарлық орбитаға шығарылып, Шығыс бойлығының 80 градус және 103 градус нүктелеріне орналастырылады.

Қазіргі уақытта «Ғарыштық байланыс» кәсіпорнының орбиталық тобы 11 геостационарлық ғарыш аппараттарынан тұрады.

Бұл ғарыш аппараттары бүкіл Ресей мен ТМД елдерінде байланыс және хабар тарату қызметтерін ұсынуға арналған.

Бұл ғарыш аппараттары геостационарлық орбитада 15 жылдан қызмет ете алады деп күтілуде.

«Экспресс-80» спутнигінде тіркелген және мобильді байланысты, цифрлық теледидар мен радио хабарларын таратуды, сондай-ақ интернетке жоғары жылдамдықты қол жеткізуді және бүкіл Ресей бойынша деректерді беруді қамтамасыз ету үшін 16 C-диапазонды транспондер және 20 Ku – диапазонды транспондерлер орнатылған.

«Экспресс-103» байланыс спутнигінде тіркелген және ұялы байланысты, цифрлық теледидар мен радио хабарларын таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ интернетке жоғары жылдамдықты қол жеткізу және бүкіл Ресей бойынша деректерді беру үшін С диапазонындағы 16 транспондер және Ku диапазонындағы 20 транспондер орнатылған. Сонымен қатар, спутникте ғаламдық қамтуды қамтамасыз ететін L диапазонының бір транспондері бар.

27 июля 2020
Туған күніңізбен құттықтаймыз!

Құрметті Айдын Ақанұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің 2015 жылғы Халықаралық ғарыш станциясына ұшуыңыз қазақстандықтар үшін жарқын оқиға болды!

Сіздің ұшуыңыз Қазақстаннның ғарыштық болашағы үшін жаңа бастама болды!

Сіздің ғарыштық кеңістікті игеруде сіңірген көрнекті еңбегіңіз, ғарыштық ұшуды орындау барысында көрсеткен батылдығыңыз бен ерлігіңіз айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» ордені мен бағаланып, «Халық каһарманы» атағымен лайықты атап өтілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы басшыларының бірі бола отырып, Сіз Қазақстанның инновациялық ғарыш саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып отырсыз.

Мерейлі күніңізде Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыңызға баянды бақыт тілеймін! Еңбегіңіздің жемісін ұзағынан көріп, бала-шағаңыздың қуанышы мен мейір-шапағатына және халқымыздың қошеметіне бөлене беріңіз!

Құрметпен, Б. Оралмағамбетов

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы