Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Құжаттар
Комитет туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 октября 2021
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыш компаниясы Түркістан аймағының экономикасын дамытуға қатысады

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов жұмыс сапарымен Түркістанға келіп, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевпен кездесті. Келіссөздер барысында Түркістан облысының экономикасын дамыту мақсатында ғарыштық технологияларды қолданудың маңызды мәселелері талқыланды.

- Ғарыштық технологиялар бүкіл адамзаттың өміріне тереңірек еніп, экономикада үлкен рөл атқарып, барлық елдер халықтарының әл-ауқатын арттыруға әсер етуде. Бұл мүмкіндіктерді мемлекетіміздің игілігі үшін тиімді пайдалану керек, - деп атап өтті Айдын Айымбетов.

Сонымен қоса, ол «ҚҒС»  ҰК» АҚ компаниясының қызметі, ауыл шаруашылығы, экология, төтенше жағдайларда және т.б. ғарыштық мониторинг пен ЖҚЗ ойдағыдай қолдану тәжірибесі  туралы айтып берді.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев заман ағымына ілесу керек және Түркістан өңірінің экономикасын дамыту үшін ғарыш мониторингі сияқты инновациялық әдістерді  міндетті түрде пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап одан әрі бірлескен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.

11 октября 2021
Ғарыш мониторинг деректері бойынша Атырау облысындағы өрт алаңы 467 гектардан астам жерді құрады

ҚР ЦДАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ кеңістіктік деректер департаменті ТЖ мониторингі бөлімінің мамандары төтенше жағдайларды ерекше бақылауда ұстайды. Бұл жолы ғарыштық бақылау объектісі елдің батысындағы өрт болды.

Табиғи апат Атырау облысының Құрманғазы орманшылығында а.ж. 5-7 қазан аралығында болған.

Төтенше жағдай аймақтарын шұғыл мониторингілеу арқылы мемлекеттік орман қоры аумағында өртенген учаскенің жалпы ауданы 467,3 га құрайтыны анықталды.

Мұндай жағдайларда деректерді жедел беру мақсатында геоақпараттық технологиялар пайдаланылады. Яғни, ғарыш аппараттарынан түсірілім жүргізіледі, суреттер алдын ала және кейінгі өңдеуден өтеді, содан кейін векторлық қабаттармен геосервиске жүктеледі. Бұдан әрі өңірлердің Төтенше жағдай департаменттерінің жедел кезекшілері интернет желісі арқылы геосервис бетіне кіре отырып, базалық географиялық төсемі бар өзекті ақпаратты алады.

Яғни, дайын ғарыш түсірілімі қолға түсер алдында ол өңдеудің барлық қажетті сатыларынан өтеді.

2021 жылғы 8 қазанда цифрланған өрт аумағы мен орамдық тормен қоса берілген сурет Атырау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына әрі қарай шешім қабылдау үшін берілді.

05 октября 2021
Байқоңырдан «Союз МС-19» кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды

2021 жылдың 5 қазанда астана уақыты бойынша 14 сағат 55 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» транспорттық басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышының ұырылуы сәтті орындалды.

Ұшыру 31 алаңдағы старттық кешенінен штатты режимде жүзеге асырылды.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына адамзат тарихындағы алғашқы ғарыштық киноэкипажын ғарышта «Вызов» атты көркем фильмін түсіру үшін жеткізу тиіс.

Экипаж құрамында: Роскосмос ғарышкері, «Союз МС-19» кемесінің командирі Антон Шкаплеров және ғарыштық ұшуының мүшелері — кинорежиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд бар.

Жоспар бойынша экипаж екі айналымнан кейін және мақсатты орбитаға (орташа есеппен 408 км) шықаннан соң ХҒС-тың «Рассвет» ресейлік модуліне астана уақыты бойынша 18:12-де (±3 мин) қосылу тиіс. Люктар 20:05-те ашылады.

МКС-66 экипажының жоспарлы жұмыс уақыты —174 тәулік.

ХҒС-қа ғарыш сапары мүшелерінің жобалы жұмыс уақыты — 12 тәуліктен кем емес.

04 октября 2021
Адамзаттың ғарыштық дәуірі алғашқы жасанды Жер серігін ұшырудан басталды

2021 жылдың 4 қазанында бүкіл адамзат ғарыш дәуірінің басталуының 64 жылдығын атап өтуде. Сонау 1957 жылы Кеңес Одағында құрылған алғашқы жасанды Жер серігі ғарышқа ұшырылды. Ұшырылым Мәскеу уақыты бойынша "Байқоңыр"ғарыш айлағынан 22 сағат 28 минут 34 секундта орындалды. Дәл осы күннен бастап әлемдік ғарышнама басталды деп есептеледі!

Сол кезде алғашқы жасанды Жер серігінің ұшуын бүкіл әлемді көрді. Жер серік жіберген дабылыды жер шарының кез-келген нүктесінде кез-келген радио әуесқой ұстап алған.

Жер серік өте қарапайым аппарат ретінде жасалды, сондықтан ол ПС — 1 ғарыш аппараты (қарапайым серік) деп аталды. Ол диаметрі 58 см, салмағы 83,6 кг болатын шар тәріздес болды және батарея таратқыштардан жұмыс істейтін дабылдарды беру үшін төрт түйреуіш антеннамен жабдықталған.

Жердің жасанды серігін жасауда практикалық ғарыштықтың негізін қалаушы Сергей Павлович Королевтің басшылығымен ғалымдар Мстислав Всеволодович Келдыш, Михаил Клавдиевич Тихонравов және тағы басқалары жұмыс істеді.

Серіктің ұшуы 92 күнге созылды. Ол 1958 жылдың 4 қаңтарына дейін ұшып, Жерді 1440 рет айналдырды (шамамен 60 миллион км) және оның радио таратқыштары басталғаннан кейін үш апта жұмыс істеді. Атмосфераның жоғарғы қабаттарына үйкеліс салдарынан жер серік жылдамдығын жоғалтты, атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, ауаға үйкеліс салдарынан өртенді.

Жердің жасанды серігін ұшыру ғарыш кеңістігінің қасиеттерін білу және Жерді біздің Күн жүйесінің планетасы ретінде зерттеу үшін үлкен маңызға ие болды.

Жер серікпен алынған дабылдарды талдау ғалымдарға ионосфераның жоғарғы қабаттарынз ерттеуге мүмкіндік берді, бұған дейін мүмкін болмады. Сонымен қатар, жабдықты одан әрі іске қосу үшін пайдалы ақпарат алынды, барлық есептеулер тексерілді, сонымен қатар жер серігін тежеу үшін атмосфераның жоғарғы қабаттарының тығыздығы анықталды.

Union of Concerned Scientists коммерциялық емес ұйымының деректері бойынша ПС-1  іске қосылғаннан бері - 1957 жылғы 4 қазанда бүкіл әлемелдері ғарышқа 9 000-нан астам аппаратты шығарды, бірақ олардың тек 2 000-ға жуығы ғана қазіргі уақытта жұмыс істейді.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта Қазақстанның алты сапалы серігі бар. Бүгінгі күні штаттық режимде жер серіктердің 2 топтамасы (ЖҚЗ, байланыс және ғылыми-технологиялық мақсаттағы) жұмыс істейді.

02 октября 2021
Тұңғыш қазақ ғарышкердің ұшуы отандық ғарыш ғылымы өрлеуінің бастауын қалады

2021 жылғы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 30 жыл толды.

Тоқтар Әубәкіров ҚазКСР Ғылым Академиясының ғарыштық медицина және биотехнология, материалтану, Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бес институтының қатысуымен орбитада бес ғарыштық зерттеу жүргізді.

1991 жылғы 10 қазанда, Кеңес Одағының Батыры, КСРО еңбек сіңірген сынақ ұшқышы, «Мир» станциясында отандық ғалымдар әзірлеген Қазақстандық ғарыш бағдарламасын табысты орындаған алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров австриялық ғарышкер Франц Фибекпен және кеме командирі, ресейлік ғарышкер Анатолий Арцебарскиймен бірге Жерге аман-есен оралды.

Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, дәл осы біздің ғарышкерлердің «Мир» орбиталық кешеніне және Халықаралық ғарыш станциясына ұшуынан кейін Қазақстанда ғарыш ғылымы дамуының нағыз өрлеуі басталды.

Елдегі жаңа ғылыми бағыттарды дамыту үшін негіз болған жаңа нәтижелер алынды, оның ішінде: ғарыштық материалтану және аспап жасау, ғарыштық геофизикалық және табиғи-ресурстық мониторинг, ғарыштық биомедицина және биотехнология.

Қазақстан Республикасы үш және одан да көп ғарышкерлері бар санаулы елдердің қатарына кіретіні белгілі. 1991-2001 жылдар аралығында орбитада бес ұлттық ғарыштық бағдарлама орындалды: Тоқтар Әубәкіров (1991 жыл), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001 жылдар), Айдын Айымбетов (2015 жыл).

29 сентября 2021
IHEDN француз делегациясы Ұлттық ғарыш орталығына келді

28 қыркүйекте Ұлттық ғарыш орталығына ұлттық қорғаныс жоғары зерттеулер Институтының (The Institut des hautesétudes de défense nationale – IHEDN) өкілдері келді.

Француз делегациясы Қазақстанға негізгі өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша көзқарастарын талқылау үшін азаматтық және әскери билік өкілдерімен кездесулер өткізу мақсатында келді.

Делегация құрамына азаматтық (жоғары лауазымды мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорын басшылары) және әскери сектор сарапшылары енді. Танысу сапары аясында делегаттар ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Мәлік Олжабековпен кездесті.

Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті, оның барысында «Ghalam» ЖШС, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері компаниялардың ерекшеліктері мен әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып, олардың қызметімен таныстырды.

IHEDN өкілдері ғылыми қызметке, жаңа технологияларды қолдануға, тәжірибе алмасуға, киберқауіпсіздікке, елдегі ғарыш саласын дамыту жөніндегі алдағы жоспарларға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ ғарыш компанияларын коммерцияландыруға қатысты ілеспе сұрақтар қоя отырып, Қазақстанның ғарыш саласындағы халықаралық стратегиясына және әріптестігіне үлкен қызығушылық танытты.

Вице-министр Мәлік Олжабеков ғарыш саласы әрі қарай коммерциализациялаудың кең мүмкіндіктеріне ие екенін атап өтті. «Біздің компанияларымыздың әлеуеті зор. Мысалы, «Ghalam» ЖШС-де коммерциялауға болатын спутник саладағы өз әзірлемелері бар, бұл үшін оларға инвестициялар қажет. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары Жерді қашықтықтан зондтау  түсірілімдерін түсіндіру бойынша өз технологиясын әзірледі және оны да пайда ағынына қоюға болады. Дегенмен ғарыш саласындағы қазақстандық нарық әлі дамымағандықтан, біз компаниялар оны одан әрі өз бетінше игеріп, бәсекеге қабілетті болуы үшін біртіндеп қадам – қадаммен келетін боламыз, - деп түйіндеді Вице-министр.

Сапар аясында қонақтарға Құрастыру-сынау кешені, Ұлттық ғарыш орталығындағы өндірістік нысандары және Қазғарыш тарихы мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Француз тарапы ұйымдастырушыларға жылы және жемісті кездесу үшін алғыс айтты.

 

Анықтамалық:

 IHEDN-Францияның премьер-министрі басқаратын Париждегі мемлекеттік әкімшілік мекеме. Оның міндеті – француз және шетелдік жоғары лауазымды әскери және азаматтық шенеуніктерді қорғаныс, сыртқы саясат, қару-жарақ және қорғаныс экономикасы саласындағы жоғары лауазымдарда жұмыс істеуге дайындау.

 

28 сентября 2021
Сауд Арабиясы Корольдігінің делегациясы Ұлттық ғарыш орталығына келді

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығына инвестициялар Министрі Халид Әл-Фалих бастаған Сауд Арабиясы Корольдігінің делегациясы танысу сапарымен келді. Оның құрамына мемлекеттік аппараттың, Елшіліктің және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің өкілдері кірді.

Делегация Нұр-Сұлтан қаласына Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сауд үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына қатысу үшін келді.

Х.Әл-Фалих мырза "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ қызметімен танысты, құрастыру-сынау кешенінде және "Ghalam"ЖШС бірлескен кәсіпорнында болды. Атап айтқанда, олар Арнайы конструкторлық технологиялық бюроның өндіріс учаскелері, шағын ғарыш аппараттарына арналған сынақ зертханасы, 3 D баспа учаскелері, электрондық бұйымдар өндірісінің таза үй-жайлары және Ұшуды басқару орталығымен танысты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Вице-министрі Мәлік Олжабеков Қазақстандағы ғарыш саласының дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, "ҚҒС"ҰК АҚ және "Ghalam"ЖШС мамандарының ғарыштық мониторингі және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы жұмысын көрсетті.

Өз кезегінде делегация өкілдері жылы шырайлы қабылдаулары мен алған ақпараттары үшін алғыстарын білдірді. Сауд Арабиясы Корольдігі ғарыш қызметіне үлкен мән береді және 2030 жылға қарай осы саладағы жетекші елдердің бірі болуға ұмтылуда.

24 сентября 2021
Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компания Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы компания Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айдын Ақанұлы көп жылдар бойы аэроғарыш саласында жұмыс істеуде. Жұмыс өтілі 28 жыл.

ҚР Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарды. 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында жұмыс атқарды:

- ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

- ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

- «ҰҒЗТО» АҚ «Ғарыштық техника және технологиялар институты» ЕЖШС директорының орынбасары;

- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі лауазымында жұмыс істеді.

2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып табылады.

Айдын Айымбетов ҚР ұшқыш-ғарышкер, әуе генерал-майоры. Мемлекеттік награда мен құрмет атақтарына ие: «Халық Кахарманы», «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы», «Отан» ордені.

10 сентября 2021
Нұр-Сұлтанда Ұлттық ғарыш орталығының аумағында TamosSpaceSchool мектебі ашылды

Нұр-Сұлтандағы «ғарыштық қалашық» аумағында TamosSpaceSchool жаңа жеке мектебі өз есігін ашты. Бұл Тамос брендімен жұмыс істейтін ағылшын тілін күшейтілген оқытумен IT және физика-математика бағытындағы мектеп.

4 қыркүйекте TamosSpaceSchool-да Білім министрлігі өкілдерінің, мектеп құрылтайшыларының және ата-аналардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Бүгінгі күні мектептерге қабылдау 700 адам сыйымдылығымен 330 баланы құрайды.

Мектеп финдік оқыту тәсілін, яғни балаларға психологиялық-эмоционалдық дамуын ескеретін оңтайлы оқу жүктемесінұстанады. Балалар мектепте таңғы 08.00-ден кешкі 17.00-ге дейін болады. Төрт мезгіл тамақтану, мектеп формасы, оқулықтар, үйірмелер, қосымша сабақтар –осының барлығы Мектепте қарастырылған.

"Біздің оқытушыларымыз конкурстық іріктеуден өтті, өз мамандықтары бойынша үздіктер қабылданды, олардың арасында мектепте Финляндиядан келген ағылшын тілінде сөйлейтін оқытушы жұмыс істейді. Мұғалімдер ең алдымен баланың күшті қасиеттерін, қазіргі әлемде сұранысқа ие таланттар мен қабілеттерді анықтауға және дамытуға баса назар аударады. Осы мақсатта бесінші-алтыншы сыныптарда балаларға кәсіптік бағдар беру қарастырылған. Біз түрлі қызмет салаларынан қызықты спикерлерді шақыратын боламыз", - дейді TamosSpaceSchool өкілі Данияр Сутжанов.

ҚР ЦДИАӨМ АК "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ инженер-ғалымдары да ғарыш саласынан спикерлер қатарына кіруі де мүмкін.

08 сентября 2021
Қазақстанда ғарыш саласын дамыту үшін хаб іске қосылады

2021 жылғы 6 қыркүйекте «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК "АҚ, «Ghalam» ЖШС және EurasianSpaceVentures (ESV) арасында өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандум шетелдік жеке инвестицияларды бірлесіп тартуға және ғарыш өнімдері мен қызметтерінің экспортын дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ғарыш технологиялары саласындағы жобаларды әзірлеуге бағытталған.

«Біз жеке секторды ғарыш саласына тартуды қолдаймыз. Бұл бізге мемлекеттік бюджеттен жүктемені алып тастауға және бизнеспен бірлесіп, кейбір бағдарламаларды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде әлемнің түкпір-түкпірінен spacetech стартаптарын тартатын ғарыш хабын құру жоспарлануда. Біздің ғарыш кәсіпорындарымыз перспективті стартаптар мен инновациялық компаниялар үшін инфрақұрылым ұсынуға дайын», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков.

ESV негізін қалаушы Шухрат Ибрагимовтың пікірінше, жеке компания белгілі бір технологиялар мен ноу-хау бар серіктестерді, сондай-ақ бірлескен ұлттық ғарыш бағдарламасын дамытуға көмектесетін саладағы жаңашыл инженерлерді тезірек және оңай тарта алады. ESV Қазақстан Республикасында тіркелген жеке компания болып табылады және SpaceChain, LoftOrbital, Nanoracks және басқалары сияқты әлемнің жетекші компанияларымен белсенді жұмыс істеуде.

Шетелдік жеке инвестицияларды бірлесіп тартудан және ғарыш өнімдері мен қызметтерінің экспортын дамытудан, тәжірибе алмасудан басқа, ғарыш технологиялары саласындағы жобаларды әзірлеу жоспарланған.

 

Анықтама*

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш аппараттары мен ғарыш техникасының құрамдас бөліктерін жобалаумен, құрастырумен және сынаумен, ЖҚЗ және дәлдігі жоғары жер серіктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын пайдаланумен, навигациялық қызметтер ұсынумен айналысады.

«Ghalam»ЖШС 2010 жылы«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ мен «AirbusDefence&Space SAS» арасында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру және ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын ретінде құрылды.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы