Меню

Страницы

Статья

Байқоңыр ғарыш айлағына заңды түрде қалай кіруге болады

Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан аумағында Қызылорда облысында орналасқан әлемдегі алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы.

Бүгінгі таңда әлемде ғарыштық туризм кеңінен дамуда, соның ішінде Байқоңыр ғарыш айлағы әлемнің түкпір-түкпірінен келген сталкерлер үшін қызық.

*Жұртқа мәлім, сталкер - түсініксіз, қараусыз қалған және өмірге қауіп төндіретін жерлерді іздеуге және зерттеуге құмар адам.

Жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін Байқоңыр ғарыш айлағына барғысы келетін туристерге ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті Байқоңыр ғарыш айлағында "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенін эксплуатациялайтын "Бәйтерек" БК" АҚ қарауды ұсынады.

«Бәйтерек» БК» АҚ Қазақстан мен Ресейдің оннан астам туристік фирмаларымен бірге қызмет жасайды және өз нысандарын шектеусіз келіп қарауға ұсынады.

Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын эксплуатациялау бойынша ағымдағы жұмыстарға қарамастан, «Бәйтерек» БК» АҚ «Зенит-М» ҒЗК нысандарында 1000-нан астам турист қабылдады және нысандарға қызығушылықты арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, оның ішінде сыйымдылығы 50 адамнан асатын «Южная» қонақ үйі бар.

Туристерге ыңғайлы болу үшін «Бәйтерек» БК» АҚ «Байқоңыр» ғарыш айлағына жедел түрде рұқсат алу үшін «Baikonur» мобильді қосымшасын әзірледі. Мобильді қосымшаны қазақстандық және ресейлік тараптар тестілеу режимінде сынақтан өткізуде. Осы жылдың соңына дейін Android және iOS платформаларында қолжетімді болады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, өмірге қауіп төндіретін орындар арқылы ғарыш айлағына заңсыз жолмен өтіп, денсаулығыңызға қауіп төндірмеуге кеңес береміз.

Байқоңыр ғарыш айлағына бару туралы өтінімдерді «Бәйтерек» БК» АҚ-на жіберуді сұраймыз: bayterek_filial@bayterek.kz , +7(7172) 28-06-02, +7 777 454 80 02 Қорғанбек Қайназаров.

 

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті

Дата публикации
15 июля 2024
Дата обновления
15 июля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

07 октября 2024
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат
24 июля 2024
«Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ «Көмірпластиктің соққыға беріктігін арттыру жолдарын зерттеу» тақырыбында жаңа монографияны жариялайды
Пайдалы ақпарат
15 июля 2024
Байқоңыр ғарыш айлағына заңды түрде қалай кіруге болады

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты