Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Комитет туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі (барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс)
05 февраля 2020

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі

 (барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс)

  1. Ғылыми-техникалық әзірлемелер басқармасының бас сарапшысы лауазымына – Мөлдір Үсенқызы Мамырова;
  2. Жерді қашықтықтан зондтау, навигация және ғарыш техникасын өндіру басқармасының бас сарапшысы лауазымдарына (2 бірлік, 1 бірлік – негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 05.11.2021 ж. дейін) – лайықты кандидатура жоқ;
  3. Жоспарлау, талдау және бақылау басқармасының бас сарапшысы – лайықты кандидатура жоқ;
  4. "Байқоңыр" кешенін дамыту басқармасының бас сарапшысы – лайықты кандидатура жоқ;
  5. Халықаралық байланыстар басқармасының бас сарапшысы лауазымына – лайықты кандидатура жоқ.
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі (осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс)
05 февраля 2020

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі

(осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс)

Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты әңгімелесуге жіберілмейді:

  1. Улмекен Қайыргалиқызы Умирбаева (Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы, C-4 ).
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі (жалпы конкурс) 03.02.2020 ж. сағат 17:00 де
03 февраля 2020

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі

(жалпы конкурс)

03.02.2020 ж. сағат 17:00 де

(мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8,

12-кіреберіс, 709 конференц-залы)

  1. Абай Өкпешұлы Асығат (құжаттардың түпнұсқасын ұсынған жағдайда);
  2. Жанаргуль Ибрагимовна Ахметова (құжаттардың түпнұсқасын ұсынған жағдайда).
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі (жалпы конкурс)
03 февраля 2020

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті 

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі

(жалпы конкурс) 

03.02.2020 ж. сағат 17:00 де

(мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8,

12-кіреберіс, 709 конференц-залы)

  1. Абай Өкпешұлы Асығат (құжаттардың түпнұсқасын ұсынған жағдайда);
  2. Жанаргуль Ибрагимовна Ахметова (құжаттардың түпнұсқасын ұсынған жағдайда).
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі (барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс) 30.01.2020 ж. сағат 17:00 де
29 января 2020

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті 

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі

(барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік

қызметшілері арасындағы ішкі конкурс)

30.01.2020 ж. сағат 17:00 де

(мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8,

12-кіреберіс, 709 конференц-залы)

  1. Асель Айтмахановна Сембиева;
  2. Мөлдір Үсенқызы Мамырова (құжаттардың түпнұсқасын ұсынған жағдайда);
  3. Динара Айткалиевна Нуркаева (құжаттардың түпнұсқасын ұсынған жағдайда).

Бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты әңгімелесуге жіберілмейді:

  1. Асель Айтмахановна Сембиева (ғылыми-техникалық әзірлемелер басқармасының бас сарапшысы, C-4);
  2. Алпысбай Ерікұлы Қалиев (жоспарлау, талдау және бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4).
Ұялы байланыс
19 декабря 2019

Бүгінгі таңда телекоммуникация саласындағы әлемдік тренд сымсыз мобильді желілерді дамыту жағына қарай жылжуда, бұл ұялы байланыс абоненттерінің өсуі куәландырады. Қазақстанда бүгінгі күні 25,9 млн.абонент тіркелген, оған 3 ұялы байланыс операторы қызмет көрсетеді.

2011 жылы елімізде 3G стандартының байланысы енгізілген кезде сала ұялы байланыстың дамуына айтарлықтай серпін алды.  Бүгінде үшінші буын желісі барлық қалаларда, облыс орталықтарында және саны 10 мың адамнан асатын елді мекендерде жұмыс істейді.

Келесі кезең төртінші буын байланысын енгізу болды. Қазіргі уақытта 4G/LTE стандартының қызметтері Республиканың халқының саны 50 000 және одан да көп елді мекендерінде, сондай-ақ аудан орталықтарында ұсынылады.

 3G, 4G ұялы байланыс технологиясын енгізумен ұялы байланыс абоненттері ұялы байланыс желілері арқылы Интернет желісіне кең жолақты қатынау мүмкіндігіне ие болды. Егер 2015 жылы Қазақстанда кең жолақты интернеттің 10 млн. абоненті болса, бүгінде олардың саны 14,6 млн. - ға дейін артты. 

2015 жылы телекоммуникациялық инфрақұрылымды одан әрі дамыту және абоненттерді Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерімен көбірек қамту үшін 19 еуропалық елдің мысалы бойынша технологиялық бейтараптылық қағидатын енгізді. Бұл байланыс операторларына оларға бөлінген жиілік диапазондарында әртүрлі стандарттардың (2G, 3G, немесе 4G) байланыс қызметтерін ұсынуға мүмкіндік берді.

2019 жыл ішінде Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланыс желілерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Тестілеудің алғашқы нәтижелері оң болды және сарапшылар Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында 5G технологиясының бірыңғай стандарты қабылданғаннан кейін және жиілік диапазоны анықталғаннан кейін Қазақстан аумағында 5G технологиясын енгізу дайындығы туралы хабарлады. Бірінші кезеңде 5g Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында әлеуметтік маңызы бар объектілер (университеттер, кәсіпорындар, мектептер және т.б.) аумағында іске қосылады деп жоспарлануда. Атап айтқанда, 2021 жылдың соңына дейін Назарбаев Университеті мен ЭКСПО аумағында, 2022 жылы әуежайда, вокзалда және ірі сауда орталықтарында 5G іске қосылады деп күтілуде. Кейіннен 2023 жылдан бастап облыс орталықтарында 5G стандартындағы байланыс қызметтерін іске қосу жоспарлануда.

Халықаралық рейтингтер

Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан 2019 жылы (2018 жылдың қорытындысы бойынша) әлемнің 140 елінен келесі орындарға ие болды:

"Ұялы байланыс абоненттері" көрсеткіші бойынша әлемде 18 орын

"Мобильді КЖҚ абоненттері" көрсеткіші бойынша әлемде 66 орын

Қазақстан ұялы байланыс қызметтерінің тарифтері бойынша әлемде 29 орын

Бекітілген кең жолақты Интернет қызметтері бойынша әлемде 20 орын

Байланыс операторларының міндеттемелері

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұялы байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелері шеңберінде халық саны 500 адамнан және одан да көп елді мекендерді, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар барлық автомобиль және темір жолдарды ұялы байланыспен қамтамасыз етуге міндетті.

(Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Шешімі)

2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұялы байланыс операторлары өздерінің лицензиялық міндеттемелері шеңберінде 3 143 ауылдық елді мекендерде 3 Мбит/с кем емес қосылу жылдамдығымен төртінші буынның (LTE) ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге міндетті.

(Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2019 жылғы 24 қазандағы шешімі).

Статистика

Ұялы байланыс операторлары

"Kcell" АҚ (Kcell және Асtiv сауда маркалары), "Кар-Тел" ЖШС (Beeline сауда маркасы), "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Теле 2, Altel сауда маркасы).

 

Байланыс және хабар тарату жүйесі
19 декабря 2019

Бүгінгі таңда Қазақстанда екі спутниктен («KazSat-2» және «KazSat-3») және оларды басқару бойынша екі жерүсті кешенінен (негізгі – «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы және резервтік – «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы) тұратын «KazSat» сериялы толыққанды байланыс және хабар тарату жүйесі (КСС) құрылды және жұмыс істейді.

Байланыс және хабар тарату спутниктерін жетекші ресейлік кәсіпорындар («KazSat-2» – «М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» ФМУК; «KazSat-3» – академик М. Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ) Thales Alenia Space еуропалық компаниясымен бірлесіп құрды.

«KazSat-2» және «KazSat-3» спутниктері телекоммуникациялық қызметтерді ұсынуға арналған: телерадио хабарларын тарату, телефония, интернет желісіне қолжетімділікті ұйымдастыру, деректерді беру және т. б.

«KazSat-2» және «KazSat-3» ҒА қызмет көрсету аймағы Қазақстан Республикасының барлық аумағын, Орталық Азия елдерін, Ресейдің орталық бөлігін, Орта Азия елдерін қамтиды.

«KazSat» ҒБЖ базасында қызметтерді пайдалану мен өрістетуді 2004 жылғы 18 наурызда құрылған «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы («РҒБО» АҚ) қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 195/НҚ «Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын айқындау туралы» бұйрығымен «РҒБО» АҚ ҒБЖ ұлттық операторы болып айқындалды.

Ғарыш техникасын өндіру
19 декабря 2019

Ғарыш техникасын өндіру - бұл отандық ғарыш саласына дамудың жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа бағыт. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан қаласында Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені салынды. Кәсіпорында жобалаудан бастап салмағы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі спутниктерді құрастыруға және сынауға дейінгі жұмыстардың барлық циклі, сондай-ақ спутниктерге арналған жинақтауыштарды дайындау орындалатын болады.  

2017 жылдың соңында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені объектісінің басты құрамдас бөліктерінің бірі – ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы ашылды. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталу сатысында тұр, ал ҒА ҚұСК сынақ учаскелерінің барлық технологиялық жабдықтары дайындалды,зауыттық сынақтан сәтті өтті және Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

Өндірістік және сынақ учаскелерін халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау 2022 жылы аяқталатын болады.

Тәжірибелік өндірісі бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросында ғарыш аппараттары үшін жиынтықтауыштарды жобалау және дайындау және оларды сынау орындалатын болады. Барлық жұмыстарды қазақстандық мамандар жүргізетін болады.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде ғарыш аппараттарын сынаудың барлық түрлері (механикалық, электрлік, термиялық және термовакуумдық), сондай-ақ мынадай үлгідегі ғарыш аппараттарын жиынтықтаушы өндіру жүргізілетін болады:

  • байланыс жерсеріктері;
  • Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктері;
  • ғылыми-технологиялық жерсеріктер және т. б.
Жерді қашықтықтан зондтау
19 декабря 2019

Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) – ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін байқау мен өлшеу арқылы Жер беті мен қойнауы туралы ақпарат алу процесі.

Қашықтықтан зондтау ғарыштық аппараттары Жердің табиғи ресурстарын мониторингілеу, метеорология міндеттерін шешу үшін пайдаланылады, сондай-ақ ауыл шаруашылығында, геодезияда, картографияда, жер беті мен мұхит мониторингінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесі ғарыш спутниктері мен жүйелері арқылы алынатын ақпаратты талдау, ауыл шаруашылығы, қорғаныс және қауіпсіздік, ТЖ алдын алу, экология және табиғатты пайдалану, жерді пайдалану, геодезия, картография және жекелеген қалалар мен өңірлердің ғана емес, салалық экожүйелердің тіршілік әрекетінің басқа да бағыттары саласындағы қызметті жетілдіру және міндеттерді шешу үшін қамтамасыз етуге арналған.

ЖҚЗ отандық ғарыш жүйесі кеңістіктік айыру қабілеті жоғары "KazEOSat-1" (1 м) және "KazEOSat-2" (6,5 м) кеңістіктік айыру қабілеті орташа спутниктерден, сондай-ақ спутниктерді жерүсті басқару кешенінен және ЖҚЗ деректерін тұтынушыларға қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті мақсатты кешеннен тұрады. Жүйені пайдалануды ғарыштық технологиялар бойынша жетекші еуропалық кәсіпорындарда тағылымдамадан өткен қазақстандық мамандар қамтамасыз етеді.

ЖҚЗ ғарыш жүйесі штаттық режимде алты жылдан астам уақытта жұмыс істейді және ЖҚЗ деректері бойынша тәуелсіз және жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

 

 Жұмыс нәтижелері

2020 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша  ғарыш жүйесін пайдалану кезінде қазақстандық ЖҚЗ спутниктері жер аумағының 1 134 246 997 шаршы км. түсірді.

2019 жылы елдің мемлекеттік органдары үшін космомониторингті қоса алғанда, ел аумағының 22 млн.шаршы км-ге 11 мыңнан астам ғарыш түсірілімі өңделді және ұсынылды.

2015-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (KazEOSat-1 және KazEOSat-2)   жұмыс істеу кезеңі кезінде ішкі нарықта ғарыш түсірілімдерін сату 15 млн. теңге әкелді, сыртқы нарықта сатуға келетін болсақ, кірістер 316 млн. теңгені құрады.

2020 жылы мемлекеттік органдарға 2 876 400 км2  айыру қабілеті  жоғары ЖҚЗ ғарыш түсірілімдері және 3 006 003 км2 айыру қабілеті орташа ЖҚЗ ғарыш түсірілімдері ұсынылды.

Субъектілер

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ

Аэроғарыш өнеркәсібі
Байқоңыр. Іске қосу қызметтері
19 декабря 2019

"Байқоңыр" ғарыш айлағы ұшыру қызметін жүзеге асыратын әлемдегі бірінші және ең ірі ғарыш айлағы болып табылады. Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы бірге 8 старттық кешеннен, 13 іске қосу қондырғысынан, құрлықаралық баллистикалық зымырандардың 8 шахталық іске қосу қондырғысынан тұратын "Байқоңыр" кешенін құрайды.

Ғарыш айлағының жалпы ауданы - 6717 км2.

Байқоңыр КСРО-ның бірінші және негізгі ғарыш айлағы ретінде, оның ыдырауына дейін салынды және пайдаланылды, одан кейін ғарыш айлағы одақтық меншіктен Қазақстан Республикасына өтті. Қазіргі уақытта кешен Ресейде 2050 жылға дейін жалға алынған.  

"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда облысында орналасқан ауданы 0,67 млн.га позициялық (старттық) ауданды және зымыран тасығыштардың бөлінетін бөліктерінің құлау аудандарын қамтиды. 

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштардың  (ЗТ) 7 түрін ұшыру жүргізілді, олардың "Энергия", "Союз" және "Зенит" ЗТ-да отын ретінде керосин мен оттегі, ал "Протон", "Циклон", МБР РС-18 және МБР РС-20 ЗТ-да - улы отын – гептил және амил пайдаланылды. Бүгінгі күні "Союз" және "Протон-М" ЗТ ұшыру жұмыстары жүргізілуде.

1994 жылдың наурыз айында Қазақстан мен Ресей "Байқоңыр"ғарыш айлағын пайдалану қағидаттары мен шарттары туралы мемлекетаралық келісімге қол қойды. Шарттың басты тармақтарының бірі қоршаған ортаға РН келтіретін зиянды азайту талабы болды. Осыған байланысты, "Протон" ЗТ технологиялық пысықтаулар жүргізілді. Атап айтқанда, тасымалдағыш зымыраны терең жаңғырту арқылы өтті және қазір оның жоғары экологиялық сипаттамалары бар.

Бұдан басқа, "Байқоңыр" ғарыш айлағынан гептил мен амил пайдаланатын басқа да ЗТ ұшыру тоқтатылды: 2008 жылдан бастап "Циклон-2" ЗТ, 2011 жылдан бастап МБР РС-20 (Сатана), 2014 жылдан бастап РС-18 МБР (Рокот).

"Зенит" ЗТ ұшыру үшін арналған "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенінің объектілері 2018 жылы Қазақстан тарапына "Бәйтерек" жобасын іске асыру үшін берілді. Сондай-ақ қазіргі уақытта Байқоңыр кешенінде Гагарин стартын жаңғырту жобасы іске асырылуда.

2015 жылдан бастап 2019 жылдың 28 қарашасына дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан 62 ұшыру жүзеге асырылды.

 

Статистика

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан жылдар бойынша ұшыру

Жылдар

Барлығы

«Союз»

«Протон»

«Зенит»

2015

18

9

8

1

2016

11

8

3

-

2017

13

8

4

1

2018

9

7

2

-

2019 (қарашадағы жағдай бойынша)

11

7

4

-

Барлығы

62

39

21

2

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты