ИКАО штаб-пәтерінде Наурыз тойланды

ИКАО штаб-пәтерінде Наурыз тойланды

Монреаль, 2025 жылғы 20 наурыз. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің бастамасымен ИКАО штаб-пәтерінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған таңғы кофе форматында ИКАО ерлі-зайыптылар клубының (ICAO Spouse Club) кезекті кездесуі өтті.

Іс-шараға ИКАО ерлі-зайыптылар клубының президенті – ИКАО Кеңесі Президентінің жұбайы Анна Мариа Шаккитано, ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар жұбайымен, ИКАО-ның өмірлік ізгі ниетті елшісі – ИКАО Кеңесінің бұрынғы президенті доктор Алиунің жұбайы Наталья Алиу мен басқа мемлекеттердің ИКАО жанындағы тұрақты өкілдері мен орынбасарларының жұбайлары қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде ИКАО ерлі-зайыптылар клубының президенті Анна Мариа Шаккитано Қазақстан тарапына бүкіл ИКАО ұжымы мен елдерін біріктіретін осы клубын белсендіргені үшін ризашылығын білдіріп, қатысушыларды БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен және ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мұраларының тізіміне қосылған Наурыз мейрамымен құттықтады.

ИКАО-ның Бас хатшысы Хуан Карлос Саласар да барша қатысушыларды Наурызбен құттықтады.

ИКАО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілінің жұбайы Жанара Тлегенова елімізде Наурыз мейрамын тойлау дәстүріне тоқталып, табиғаттың жаңғыруын бейнелейтін көктем мерекесі көптеген ұлттар мен халықтарды достық пен өзара сыйластықпен тығыз байланыстыратынын атап өтті.

Шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, Қазақстандағы Наурызды тойлау тарихы мен дәстүрлерімен таныс болды. Іс-шара қонақтары қазақтың көне дәстүрі мен бай тарихын айғақтайтын қазақ киімдерінің әсемдігін, сондай-ақ ұлттық тағамдарымыздың талғампаздығын атап өтті.

  

 

ИКАО жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігі