Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің қолдауымен ИКАО-ның сарапшылар тобы жобасының үйлестірушісі Луиза Столс ханымның 2050 жылға дейінгі Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту жөніндегі мастер-жоспарын (CAMP) әзірлеу жұмыстарының басталуына байланысты Астана қаласына сапары ұйымдастырылды.
Сапар барысында жоба үйлестірушісі Көлік министрлігінің басшылығымен, салалық ұйымдармен және авиациядағы негізгі қатысушыларымен кездесулер өткізуде. Миссияның негізгі мақсаты — 2050 жылға дейін Қазақстанның азаматтық авиация жүйесінің тұрақты, теңгерімді және бәсекеге қабілетті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық құжатты қалыптастыру бойынша кешенді әрі тәуелсіз сараптамалық жұмысты бастау.
ИКАО сарапшылары әзірлейтін CAMP келесі бағыттарға негізделеді:
Жұмыс шеңберінде қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды талдау, саланың ағымдағы жай-күйін бағалау, сондай-ақ CAMP әзірлеу бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын дайындау көзделген.
Мастер-жоспарды әзірлеу ИКАО сарапшылары тарапынан тәуелсіз және кәсіби негізде жүзеге асырылады және жаһандық үрдістер мен ұлттық басымдықтарды ескере отырып, азаматтық авиация саласын ұзақ мерзімді дамыту бойынша шынайы модель қалыптастыруға мүмкіндік береді.
CAMP әзірлеу туралы келісімге 2025 жылдың шілдеде Астанаға ҚР Көлік министрлігі мен ИКАО арасында ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырзаның ресми сапары аясында қол қойылды.