ИКАО алғашқы Жаһандық елшілері мен Лидерлерін жариялады

ИКАО алғашқы Жаһандық елшілері мен Лидерлерін жариялады

2026 жылғы 19 ақпан, Монреаль, ИКАО штаб-пәтері – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) алғашқы Жаһандық елшілері мен Лидерлерінің тізімін жариялады, бұл ICAO Global Ambassadors Programme бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Бұл бастама авиация саласының рөлін насихаттау, жаңа ұрпақты тарту мен халықаралық азаматтық авиацияның тұрақты дамуын ілгерілетуге бағытталған.

ИКАО-ның Жаһандық елшілері мен Лидерлері авиацияны мүмкіндіктер, инновациялар және жаһандық өзара іс-қимыл саласы ретінде насихаттауға, сондай-ақ кадрларды даярлау, инклюзивтік және болашақ тұрақты авиациялық жүйені қалыптастыру мәселелерін алға жылжытуға үлес қосады.

Қазақстан Республикасынан Жаһандық елші болып Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ханым тағайындалды. Ол Орталық Азия өңірінің осы мәртебеге ие болған алғашқы өкілі болып табылады.

Қазақстандық өкілдің тағайындалуы ИКАО шеңберінде еліміздің белсенді позициясы мен халықаралық азаматтық авиацияның дамуына қосқан үлесін, оның ішінде ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, тұрақты даму және кәсіби кадрларды даярлау салаларын айқындайды.

Жаһандық елшілер мен Лидерлер бағдарламасы ИКАО-ның Стратегиялық мақсаттарын іске асыруға қолдау көрсетеді және бүкіл әлемде қауіпсіз, қорғалған және экологиялық тұрақты әуе көлігін қалыптастыруға бағытталған.

Толығырақ ақпаратты ИКАО-ның ресми сайтынан қарауға болады: https://www.icao.int/news/icao-welcomes-its-first-group-global-ambassadors-and-champions