ИКАО жанындағы Ресей өкілімен кездесу өтті

ИКАО жанындағы Ресей өкілімен кездесу өтті

2026 жылғы 19 ақпан, Монреаль қ. Ресейлік Тараптың бастамасымен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза мен ИКАО жанындағы Ресей Федерациясының өкілі Александр Баталов мырзаның кездесуі өтті. Сұхбат Ұйымның штаб-пәтерінде орналасқан Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде өтті.

Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы және ИКАО алаңындағы Қазақстан-Ресей өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар ұшу қауіпсіздігін нығайту, аэронавигациялық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мен авиация секторының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға өзара мүдделілігін растады.

Кездесу өзара құрмет пен ашық пікір алмасу рухында өтті. Кездесуге сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ИКАО жанындағы тұрақты өкілдіктерінің қызметкерлері қатысты.