Қазақстанның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Монреаль қаласының мэрімен кездесті

Қазақстанның ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі  Монреаль қаласының мэрімен кездесті

2026 жылғы 21 қаңтар, Монреаль. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Монреаль қаласының дипломатиялық корпусына арналған қала мэрінің ресми қабылдауына қатысты.

Өз сөзінде Монреаль қаласының мэрі Сорайя Мартинес Феррада ханым Монреаль қаласындағы шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алғысын білдіріп, олардың қаланың дамуына қосып отырған үлесін атап өтті.

Қабылдау аясында ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Монреаль қаласының мэрі Сорайя Мартинес Феррада ханымен қысқаша кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның тұрақты өкілдігі мен Монреаль қаласының әкімдігі арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды