ҚР Көлік министрлігімен «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаның жылдығына орай жарияланған БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚР Көлік министрлігімен «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаның жылдығына орай жарияланған  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясы (бұдан әрі – Чикаго конвенциясы) 13-қосымшасының 6.6-стандартына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 94-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласы маңында «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясының Embraer 190 4K-AZ65 әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаның жылдығына орай Аралық хабарлама дайындағанын хабарлайды. Сілтеме: (https://www.gov.kz/memleket/entities/aitid/documents/details/941670?lang=kk).

Чикаго конвенциясы 13-қосымшасының ережелеріне сәйкес, авиациялық оқиғаны тергеп-тексерудің бір ғана мақсаты болашақта осындай жағдайлардың алдын алу. Бұл қызметтің мақсаты қандай да бір тұлғаның кінәсі немесе жауапкершілік дәрежесін анықтау болып табылмайды.

Сонымен қатар, Комиссия жүргізіп жатқан авиациялық оқиғаны тергеп-тексерумен қатар, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстық тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлануда. Осы ретте, Чикаго конвенциясы 13-қосымшасының 5.4.1-стандартына сәйкес, осы Қосымшаның ережелеріне сай жүргізілетін кез келген тергеп-тексеру қандай да бір тұлғаның кінәсі немесе жауапкершілік дәрежесін анықтауға бағытталған сот немесе әкімшілік іс жүргізуден бөлек жүргізілетіні туралы атап өтілуде.

Қағидалардың 97-тармағының ережелеріне сәйкес, тергеп-тексеруге қатысушылар авиациялық оқиғаның мән-жайларына қатысты барлық ақпаратты ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған түзету шараларын немесе әрекеттерді жүргізу мақсатында пайдалана алады. Тергеу аяқталғанға дейін тергеудің барысы туралы ақпарат бөгде тұлғаларға жария етілмейді.

Авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді аяқтаудың түпкілікті мерзімдері барлық тағайындалған зерттеулер мен жұмыстардың аяқталу мерзімдеріне байланысты болады. Оқиғаның себебі(-тері) және/немесе ықпал еткен факторлар туралы қорытындылар, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі ұсынымдар Түпкілікті  есепте баяндалатын болады.